lost [lɒst] adj 1.адасқан ¨We always get lost in London. – Лондонда ылғи адасамыз/ адасамыз да жүреміз. ¨We're completely lost. – Мүлде адасып қалдық/ кеттік. 2. жоғалған, жоғалып қалған ¨I'm still looking for that lost file. –Жоғалған файлді әлі қарап жүрмін. ¨Your cheque must have got lost in the post. – Чегің почтада жоғалған болар. 3.жоғалған, ғайып болған, ұмыт болған, келмеске кеткен; шығын, ысырап, зиян, зая ¨The strike cost them thousands of pounds in lost business. – Ереуіл кезінде іс тоқтап, оларға мыңдаған фунт зиян шектірді. ¨She's trying to recapture her lost youth. – Ол өткен жастық шағын/ жастығын қайта оралтқысы келеді. ¨He regretted the lost opportunity to apologize to her. – Ол одан кешірім сұрау мүмкіндігінің зая кеткеніне өкінді. ¨the lost art of letter-writing – ұмыт болған қолмен жазу/ каллиграфия өнері 4.қиналған, тығырыққа тірелген, шамасы келмей жатқан ¨We would be lost without your help. – Көмегіңсіз халіміз мүшкіл болмақ. ¨I felt so lost after my mother died. – Анам қайтыс болғанда жан-дүнием құлазыды/ қаңырады. ¨He's a lost soul. – Оның жан-дүниесі қарайыпты. 5. ұға/түсіне алмаған ¨They spoke so quickly I just got lost. – Олардың тез сөйлегені соншама – ұға алмай қалдым. ¨Hang on a minute - I'm lost. – Тұра тұршы – ұқпай қалдым. 6. (idm) *all is not lost әлі үміт/амал бар, бәрі (де) құрыды деуге болмайды ¨All is not lost - we still haven’t tried the banks for a loan. – Әлі амал бар – біз әлі қарыз сұрап банктерді жағаламадық. *be lost for words не айтарын білмей қалу, аң-таң болу, сасып қалу *be lost in smth ойға/қиялға шому/берілу ¨to be lost in thought – ойға шому *be lost on smb айтқанды ұқпау, түсінбеу, айтқанға мән бермеу ¨His jokes were completely lost on most of the students. – Оның әзілдерін/ қалжыңдарын студенттердің көбі мүлде ұқпады. *be lost to the world «бұл әлемнен ғайып болған», өз ойымен болып айналасындағыларды байқамау, мән бермеу ¨When he’s listening to music he’s lost to the world. – Ол музыка тыңдағанда басқа дүниені/айналасын ұмытады. *get lost (informal) кет, жоғал, құры ¨Tell him to get lost. – Оған құры деші. ¨‘Lend us the car, won’t you?’ ‘Get lost!’ – «Машинаны бере тұршы, иә?» «Кет әрі!» *give smb up for dead/lost (formal) біреуді іздеп (тірі) табуды доғару, біреуді өлдіге санау ¨The ship sank and the crew were given up for dead. – Кеме батты да экипажы өлдіге саналды. *make up for lost time бекер кеткен уақыттың есесін толтыру ¨I’ll have to work hard now to make up for lost time. – Зая кеткен уақыттың орнын толтыру үшін енді аянбай еңбектенуім керек. *there’s little/no love lost between A and B «екеуінің арасында жоғалған махаббат жоқ», екеуі бірін-бірі бұрыннан жақтырмаған ¨There's no love lost between her and her in-laws. – Оны мен қайын жұрты бұрыннан бір-бірін жақтырмайтын.