love [lʌv] A.n 1.махаббат, сүйіспеншілік ¨a mother’s love for her children – ананың балаларына (деген) махаббаты ¨love of your country – отанға деген сүйіспеншілік/махаббат, отанды сүю ¨He seems incapable of love. – Ол сүйе алмайтын сияқты. 2. (еркек пен әйел арасындағы) махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік ¨a love song/story – махаббат өлеңі/хикаясы, махаббат жайлы өлең/хикая ¨We're in love! – Біз бір-бірімізді сүйеміз/бір-бірімізге ғашықпыз! ¨She was in love with him. – Ол оған ғашық болатын. ¨They fell in love with each other. – Олар бір-біріне ғашық болып қалды. ¨It was love at first sight. – Олар бір-біріне бір көргеннен ғашық болды. ¨They're madly in love. – Олар бір-бірін есі кете сүйеді. ¨Their love grew with the years. – Олардың махаббаты жылдар өте тереңдеді. 3. құштарлық, өте жақсы көрушілік, ынтықтық ¨a love of learning – білімге құштарлық ¨He's in love with his work. – Оның есіл-дерті – жұмысы. ¨I fell in love with the house. – Мына үйді соншама жақсы көремін/ Бұл үй маған соншама ұнайды. 4. (өте жақсы көретін адам не нәрсе) жаным, күнім; махаббат ¨Take care, my love. – Байқа, жаным. ¨He was the love of my life. – Ол өмірімдегі махаббатым/ең жақсы көрген адамым болды. ¨I like most sports but tennis is my first love. – Спорттың көптеген түрін жақсы көремін, алайда теннистен артық ұнататыным/ ұнайтыны жоқ. 5. (BrE, informal) жаным, күнім ¨Can I help you, love? – Көмектесейін бе, жаным? 6. (теннисте) ноль, нөл (ұпай не гейм) ¨40 - love! – 40 та нөл! ¨She won the first set six–love/six games to love. – Ол бірінші сетті алты да нольмен ұтты. 7. (idm) *all’s fair in love and war (мәтел) «махаббат пен соғыста барлық амал орынды», көздегеніне жету үшін не істесе де болады дег мағ *cupboard love (BrE) «шкаф махаббат», біреуден бірнәрсе алу үшін баланың сол адамды жақсы көрген болуы *(just) for love, (just) for the love of smth шын пейілден/көңілден (яғни, тегін) ¨They're all volunteers, working for the love of it. – Олар шын пейілден істеп жүрген волонтерлар/еріктілер. *for the love of God (old-fash, informal) құдай үшін, құдай ақы ¨For the love of God, tell me what he said! – Құдай үшін, оның не айтқанын айтшы? *give/send my love to smb (informal) сәлем айт ¨Give my love to Mary when you see her. – Көрсең, Мәриге (менен) сәлем айт. ¨Bob sends his love. – Боб сәлем айтуда. *head over heels in love өте жақсы көру; есі кете ғашық болу ¨He's fallen head over heels in love with his boss. – Ол бастығына есі кете ғашық болып қалды. *a labour of love сүйікті іс ¨Writing the book was a labour of love. – Кітап жазу сүйікті іс етін. *love from, lots of love (from) (informal) шынайы махаббатпен, жақсы көре (сүйетін не жақсы көретін адамға арналған хаттың соңында жазылады) ¨Lots of love, Jenny – Көп-көп махаббатпен, Джейн *love is blind (saying) махаббат – көзсіз (біреуді сүйгенде оның кемшін тұстарын көрмейсің дег мағ) *make love (to smb) жыныс қатынасына түсу, төсектес болу ¨It was the first time they had made love. – Олар алғаш рет сол кезде төсектес болды. *not for love or/nor money мүлде істей, тсс алмау ¨We couldn't find a taxi for love nor money. – Қайтсек те мүлде такси таба алмадық. *there’s little/no love lost between A and B [қ-з: lost (6)] B.v 1. ~ smb/smth сүю, өте жақсы көру; аялау ¨I love you. – Мен сені сүйемін. ¨If you love each other, why not get married? – Бір-біріңді сүйсеңдер не үйленбейсіңдер? ¨her much-loved brother – оның сүйікті бауыры ¨He had become a well-loved member of staff. – Ол ұйымның сыйлы/ аяулы/ сүйікті/ қадірлі мүшесі болып алды/болды. ¨Relatives need time to grieve over loved ones they have lost. – Сүйікті /Аяулы жандарынан айырылған адамдар үшін шерін тарқатқанға уақыт керек. ¨to love your country – елін сүю 2.өте жақсы көру, ұнату, сүю, аялау, құштар болу (syn: adore) ¨~ smth I really love summer evenings. – Жазғы кештерді сүйемін. ¨I just love it when you bring me presents! – Маған сыйлық әкелетін кездеріңді сондай ұнатамын. ¨He loved the way she smiled. – Ол оның жымиысына құштар етін. ¨I love it in Spain. – Испаниядағы өмірді сүйемін/ұнатамын. ¨It was one of his best-loved songs. – Бұл оның ең сүйікті әндерінің бірі еді. ¨(ironic) You're going to love this. They've changed their minds again. – Міне, саған жағымды хабар. Олар тағы айныды/ойын өзгертті. ¨~ doing smth (esp BrE) My dad loves going to football games. – Әкем футбол ойындарына барғанды ұнатады. ¨~ to do smth (esp NAmE) I love to go out dancing. – Биге барғанды ұнатамын. ¨~ smb/smth to do smth He loved her to sing to him. – Ол оның өзіне ән салғанын ұнататын/Ол оған ән айтқызғанды ұнататын. 3.would ~ өйткенді/сөйткенді жақсы көреді не көрер еді ¨~ to do smth Come on, Roy, the kids would love to hear you sing. – Ал қане, Рой, балалар(дың) әніңді ұйып тыңдар еді/тыңдағысы келеді. ¨I haven't been to Brazil, but I'd love to go. – Бразилияда болған емеспін, бірақ барғым-ақ келеді/ қуана барар едім. ¨~ smb/smth to do smth I'd love her to come and live with us. – Ол оның бізге келіп, бірге тұрғанын қалар едім/қалаймын. ¨~ smth ‘Cigarette?’ ‘I'd love one, but I've just given up.’ – «Темекі?» «Қуана тартар едім, бірақ жақында тастағанмын». 4. (idm) *love you and leave you (informal, humorous) кеткім келмейді, бірақ кететін уақыт болды ¨Well, time to love you and leave you. – Кеткім келмейді, бірақ кететін уақыт болды.