low [ləʊ] (~er, ~est) A.adj 1. аласа, төмен, биік емес, тапал, пәс, жатаған, қортық (opp: high) ¨a low wall/building/table – аласа қабырға/үй/стол ¨a low range of hills – аласа жоталар ¨low clouds – аласа/жатаған бұлттар ¨flying at low altitude – аласа биіктікте ұшу ¨The sun was low in the sky. – Күн еңкейген еді. 2. төмен(гі), астына жақын, астыңғы (opp: high) ¨low back pain – белдің құяңы/белдің астының шаншуы ¨the lower slopes of the mountain – таудың төменгі бөктерлері (баурайлары) ¨temperatures in the low 20s – жиырма градустан сәл асатын температура 3. мойны ашық, төмен ¨a dress with a low neckline – мойны ашық көйлек 4. (also low-) төмен, арзан, аз (opp: high) ¨low prices – төмен/арзан бағалар ¨low-income families – табысы төмен жанұялар ¨a low-cost airline – арзан авиакомпания ¨the lowest temperature ever recorded – бұрын(-соңды) тіркелмеген ең төмен температура ¨a low level of unemployment – жұмыссыздықтың төмен деңгейі ¨Yogurt is usually very low in fat. – Әдетте йогурттың майы тым аз (болады). ¨low-fat yogurt – майы аз йогрут ¨low-tar cigarettes – шайыры аз темекілер 5. аз қалған, азайған ¨The reservoir was low after the long drought. – Ұзақ қуаңшылықтан/ құрғақшылықтан соң су қоймасында су азайды. ¨Our supplies are running low. – Азық-түлігіміз аз қалды. ¨They were low on fuel. – Олардың отыны/жанармайы аз қалған еді. 6. төмен, бәсең (дауыс, дыбыс) (opp: high) ¨The cello is lower than the violin. – Виолончелдің дауысы скрипканыкінен бәсең шықты. ¨They were speaking in low voices. – Олар бәсең дауыспен сөйлесіп тұрды. 7. төмен, нашар ¨students with low marks/grades in their exams – емтихандарынан төмен/нашар баға алған студенттер ¨a low standard of living – төмен тұрмыс/өмір сүру деңгейі 8. (дәрежесі, маңызы) төмен (opp: high) ¨low forms of life – тіршіліктің қарапайым формалары ¨jobs with low status – (маңызы) төмен жұмыстар ¨Training was given a very low priority. – Дайындыққа өте аз мән берілді. ¨the lower classes of society – қоғамның төменгі қабаттары/таптары 9. төмен, нашар (пікір) ¨She has a very low opinion of her own abilities. – Ол өз қабілетін төмен бағалайды. (syn: poor) (opp: high) 10. әлсіз, дімкәс, торыққан; қалжыраған (syn: down) ¨I'm feeling really low. – Бейжай болып тұрғанымшы. ¨They were in low spirits. – Олар салдары суға кеткендей болып тұрды. 11. мүттайым, жылмың, шайпау (syn: disreputable) ¨He mixes with some pretty low types. – Ол бір мүттайым немелермен араласады. 12. көмескі, күңгірт, жарық емес (syn: dim) ¨The lights were low and romance was in the air. – Жарық күңгірт еді және ауаны қиял/романтика жайлаған. 13.төмен жылдамдықтағы 14. (phonetics) = open ашық дауыстылар 15. (idm) *at a low ebb нашар күйде; өте жаман ¨Morale among teachers is at a low ebb. – Мұғалімдердің ұнжырғасы мүлде түскен. *be brought low (old-fash) «оңбай құлау», дәулетінен не жоғары қызметінен айырылу *a high/low profile жұрт назарына көп/аз шалынған ¨This issue has had a high profile in recent months. – Бұл мәселеге кейінгі айларда көп мән берілді. ¨I advised her to keep a low profile for the next few days. – Оған келесі бірнеше күн көзге түсе бермеуге кеңес бердім. *lay smb low (қатты ауырып не жарақаттанып) төсек тарту *the lowest of the low «төменнің төмені», «табанның табаны» (мүлде сыйы жоқ, құрметтелмеген адамдар) B.adv 1.аласа, төмен ¨to crouch/bend low – иілу, еңкею ¨a plane flying low over the town – кент үстімен аласа ұшып бара жатқан ұшақ ¨low-flying aircraft – аласа ұшқан ұшақ ¨The sun sank lower towards the horizon. – Күн көкжиекте батты. 2. аласа, төмен, астына қарай ¨a window set low in the wall – қабырғаның төменгі жағына орнатқан терезе ¨The candles were burning low. – Май шам жана азайып бара жатты. 3. төмендетілген, төмен, аз; арзандатылған ¨low-priced goods – арзандатылған товарлар ¨a low-powered PC – қуаты аз/төмен компьютер ¨a very low-scoring game – ұпай өте аз жиятын ойын 4. төмен, бәсең (дауыс, дыбыс) ¨He's singing an octave lower than the rest of us. – Ол бәрімізден бір октава төмен алып ән айтты/салды. ¨Can you turn the music lower - you'll wake the baby. – Музыканы бәсеңдете қойшы – баланы оятасың. 5. (idm) *high and low [қ-з: high (C3)] ¨I've searched high and low for my purse. – Әмиянымды бар(лық) жерден қарап шықтым. *lie low [қ-з: lie 1(A7)] *sink so low, sink to smth ары жұтау, азғындау, намысынан айырылу ¨Stealing from your friends? How could you sink so low? – Достарынан ұрлады дейді? Қалай ғана осынша азғындағансың? ¨I can't believe that anyone would sink to such depths. – Мен біреу-міреу осыншама жиіркенішті күйге түседі дегенге сенбеймін. *stoop so low (as to do smth) (formal) соншама ар-ұяттан безу, азғындау, жиіркенішті халге түсу ¨She was unwilling to believe anyone would stoop so low as to steal a ring from a dead woman's finger. – Біреу-міреу/ Не пенде болса да өлі әйелдің саусағынан жүзік ұрлайтындай азғындайды дегенге оның сенгісі келмеді. C.n 1. төмен деңгей, дәреже, сан ¨The yen has fallen to an all-time low against the dollar. – Йен долларға шаққанда бұрын болмаған ең төменгі деңгейге құлады/түсті. ¨The temperature reached a record low in London last night. – Өткен түні Лондонда температура бұрын(-соңды) болмаған деңгейге төмендеді/түсті. ¨The government's popularity has hit a new low. – Үкіметтің (халық арасындағы) беделі тағы да бұрын болмаған деңгейге құлады. 2. ең қиын кезең, шақ ¨The break-up of her marriage marked an all-time low in her life. – Некесінің бұзылуы оның басынан кешкен ең қиын кезең болды. ¨We all experience highs and lows in life. – Өмірде бәріміздің (де) бір жығылып, бір тұратын кезіміз болады. 3.төмен(гі) атмосфералық қысым (opp: high) ¨Another low is moving in from the Atlantic. – Атлантикадан тағы бір төмен қысымдағы ауа/жылы ауа келе жатыр. D.v (literary) мөңіреу (сиырдың) (syn: moo)