luck [lʌk] A.n 1.жолы болу(шылық), сәті түсу, сәтін салу, ісі оңынан болу, бағы болу/жану, абырой болу, бақыт, қуаныш, бұйыру, бұйырту ¨With (any) luck, we’ll be home before dark. – Бұйыртса/ Сәтін салса, күн батпай үйде боламыз. ¨(BrE) With a bit of luck, we'll finish on time. – Жолымыз болса/ Сәтін салса /Бұйыртса, уақтында бітіреміз. ¨So far I have had no luck with finding a job. – Әзірге маған жұмыс табудың сәті түспеді/ Әзірге маған жұмыс бұйырмады. ¨I could hardly believe my luck when he said yes. – Ол «иә» дегенде өз бағыма өзім сенбедім. ¨It was a stroke of luck that we found you. – Сені жоқ жерден жолымыз болып таптық. ¨By sheer luck nobody was hurt in the explosion. – Абырой болғанда, жарылыс кезінде ешкім жараланбады. ¨We wish her luck in her new career. – Оған жаңа жұмысында табыс тілейміз. ¨You're in luck - there's one ticket left. – Жолың болды/ Саған бұйырып тұр екен – бір билет қалған болатын. ¨You're out of luck. She's not here. – Жолың болмады. Ол бұнда емес. ¨What a piece of luck! – Неткен бақыт/қуаныш!/ Бұйыртқанын қарашы! ¨The only goal of the match came more by luck than judgement. – Матчтағы жалғыз гол ойластырғандай емес, кездейсоқ кіріп кетті. ¨Finally my luck ran out and they caught me trying to climb the outer wall. – Сыртқы дуалдан өрмелеп асайын деп жатқанда ақыры амалып таусылып олар мені ұстады. ¨She dared not trust to luck that nobody would see her. – Ол өзін ешкім көрмейді деген ойға сене алмады. 2. мүмкіндік, сәт; жолы болу/болмау(шылық), бұйыртпау, бақ не қырсық ¨to have good/bad luck – жолы болу/болмау, бағы болу/қырсық шалу, бұйыру/ бұйыртпау ¨I put the loss of the money down to pure bad luck. – Ақшадан айырылғанымды қырсыққа баладым. 3. (idm) *any luck? (informal) Жол болды ма? Іс өнді ме? Бірдеңе шықты ма? ¨‘Any luck?’ ‘No, they're all too busy to help.’ – «Өнді ме бірдеңе?» «Жоқ, қол ұшын беруге ешқайсысының уақыты жоқ». *as luck would have it күтпеген жерден, кездейсоқ, сәті түскенде, ойда жоқта ¨As luck would have it, the train was late. – Күтпеген жерден, пойыз кеш келді. *bad, hard, etc. luck (on smb) қап, өкінішті(-ақ), әттеген-ай, қырсық шалғанын-ай, обал бопты ¨Bad luck, Helen, you played very well. – Қап/Өкінішті-ақ, Һелен, жап-жақсы ойнап едің. ¨It's hard luck on him that he wasn't chosen. – Оның іріктелмегені/ Оны қоспағаны өкінішті-ақ/Оны қоспай оған обал жасапты. ¨What rotten luck it had to happen now! – Дәл осы кезде неге ғана қырсық шалды екен! *be down on your luck (informal) қиындыққа ұшырап ақшасыз қалу ¨When someone is down on their luck, friends are very difficult to find. – Омақасқанда дос табу қиын. *the best of luck (with smth), good luck (with smth) (informal) жолың болсын, сәті түссін, сәтін салсын, бағың жансын, бұйыртсын ¨The best of luck with your exams. – Емтиханда жолың болсын. ¨Good luck! I hope it goes well. – Жолың болсын! Бәрі дұрыс болар деп үміттенемін. *better luck next time (informal) келесі жолы сәті түседі/жолың болады *for luck a) жақсы ырым/жора, ырым үшін ¨Take something blue. It's for luck. – Бір көк нәрсе ал. Ырым үшін/ Жақсы ырым. b) (informal) ә(н)шейін, жай ¨I hit him once more for luck. – Оны әшейін бір қойдым/пердім. *good luck to smb (informal) жолы болсын ¨It's not something I would care to try myself but if she wants to, good luck to her. – Бұны істемек менің ойымда жоқ, бірақ оның істегісі келсе, жолы болсын. *hard cheese (BrE, informal) [қ-з: hard (A11)] *just my/smb’s luck (informal) әйтеуір жолым/жолы болмайды, қашан(да)ғы/ әдеттегі қырсық ¨Just my luck to arrive after they had left. – Тағы да қырсық шалып, олар кетіп қалған соң келіппін. ¨They sold the last ticket five minutes before I got there - just my luck! – Соңғы билетті олар мен келерден бес минут бұрын сатыпты – қашанғы қырсық! *your/smb’s luck is in жолы(м) болды ¨On a Sunday I didn’t expect to find him at his desk but my luck was in. – Жексенбі күні оны жұмыс орнында болады деп күтпеген едім, бірақ жолым болды. *the luck of the draw кездейсоқтық, кездейсоқ жолы болу(шылық), қонған бақ ¨You can't choose who you play against - it's just the luck of the draw. – Кімге қарсы ойнайтыныңды өзің шеше алмайсың – (маңдайыңа) не жазылса, сол болады. ¨ It was by the luck of the draw that I got a corner office. – Жолым болып, бұрыштағы офисті алыппын. *no such luck жол болмады, сәті түспеді ¨‘Were you chosen for the team?’ ‘No such luck!’ – «Командаға сені алды/қосты ма?» «Жол(ым) болмады!» *pot luck бұйыртқаны, бұйыртқан нәрсе ¨It's pot luck whether you get good advice or not. – Жақсы ақыл-кеңес алар-алмасың бұйыртқанына байланысты. ¨You're welcome to stay to supper, but you'll have to take pot luck. – Кешкі асқа қал(ғын), енді бұйыртқан тамақты жейсің. *push your luck, push it/things (informal) тәуекелге бару, өзіне қауіп төндіру ¨You didn't get caught last time, but don't push your luck! – Соңғы кезде сытылып кеттің, енді басыңды қатерге тікпе! *tough luck (informal) a) жолы болмапты, бұйыртпапты, обал болыпты ¨‘I failed by one point.’ ‘That's tough luck.’ – «Бір ұпай жетпей ұтылдым». «Қап, жолың болмапты». b) (ironic) обал болыпты, қиын болыпты, жолың болмапты (кекесінді білдіреді) ¨‘If you take the car, I won't be able to go out.’ ‘Tough luck!’ – «Машинаны алсаң, тысқа шыға алмай қаламын». «Обал болыпты!» *try your luck (at smth) бағын сынау/сынап көру, жолым болар деп әрекеттену ¨My grandparents emigrated to Canada to try their luck there. – Ата-әжем күнгөріс қамымен Канадаға қоныс аударған. *worse luck! (BrE, informal) қап! Жол(ым) болмады! Сәті түспеді! ¨I shall have to miss the party, worse luck! – Сауық-кешке бара алмайтын болдым, сәті түспеді! B.v (phr v) *luck out (NAmE, informal) жолы болу, сәті түсу ¨I guess I really lucked out when I met her. – Оны жолықтырып жолым болды-ау деймін.