lurch [lɜːtʃ] A.v 1. ытқу, жалт беру, жалт бұрылу, зып беру, ыту, шоршу, лықсу, жұлқыну, атқу, орғу, ырғу, ыршып кету, зырқ ету (syn: stagger, sway) ¨Suddenly the horse lurched to one side and the child fell off. – Кенет ат бір жаққа ытқығанда/ жалт бергенде бала құлап түсті. ¨The man lurched drunkenly out of the pub. – Бір еркек пабтан мас күйінде атып шықты. ¨(figurative) Their relationship seems to lurch from one crisis to the next. – Олардың өзара қатынасы бір егестен екіншісіне ытқып отыратын сияқты. 2. your heart/stomach ~es жүрек лықсиды, атқиды, ауызға тығылады (көңіл-күйдегі толқуды, кенет үрейді, тсс білд) ¨Virginia’s heart lurched painfully in her chest. – Вирджинияның жүрегі кеудесінде шанши тулады. B.n 1. жұлқы(ны)с, жұлқу, ытқу, ытқыс [қ-з: lurch (A)] ¨The train gave a violent lurch. – Поезд зор пәрменмен жұлқып қалды. ¨His heart gave a lurch when he saw her. – Ол оны көрген кезде жүрегі аузына тығылды. ¨With a lurch the party found itself heading for a major crisis. – Бір сілкіністен соң партия ірі дағдарысқа беттеп бара жатты. 2. (idm) *leave smb in the lurch (informal) қол ұшын бермеу, көмексіз қалдыру ¨I’m sorry to leave you in the lurch but I can’t do the presentation with you this afternoon. – Сені жалғыз қалдырғаныма ренжіме, бірақ мен бүгін түстен кейін сенімен презентация жасай алмаймын. ¨She felt she had been left in the lurch by all her colleagues. – Ол өзін барлық әріптес(тер)і жалғыз қалдырғандай сезінді.