mad [mæd] adj (madder, maddest) 1. (especially BrE) есі ауысқан, жынды, есінен алжасқан, ақылынан айырылған; есалаң, жарымес; қояншық, құтырған ¨They realized that he had gone mad. – Олар оның жынданып кеткенін ұқты. ¨Inventors are not mad scientists. – Өнертапқыштар (жаңа технология ойлап табушылар) - есі ауысқан ғалымдар емес. ¨I'll go mad if I have to wait much longer. – Көп күтетін болсам, жынданатын боламын. ¨She seemed to have gone stark raving mad. – Ол құтырмаға шалдығып қалғандай/нағыз қояншық болып кеткендей көрінді. ¨A revolver is the only way to stop a mad dog. – Револьвер – құтырған итті тоқтатудың жалғыз-ақ/жалғыз ғана жолы. 2. (informal, especially BrE) топас, суми, жарымес, нағыз ақымақ; мүлде қисынсыз/жөнсіз ¨You must be mad to risk it. – Бүйтіп қауіпке барсаң, жарымес шығарсың. ¨It was a mad idea. – Бұл бір жөнсіз идея/ой еді. ¨‘I'm going to buy some new clothes.’ ‘Well, don't go mad. – «Жаңа киімдер сатып алайын дегенмін». «Бопты, ақшаны суша шапша(ғын)». 3. ~ (at/with sb) | ~ (about sth) (informal, especially NAmE) «құтырған», қояншығы ұстаған, ашуға бөккен, кіжінген, жініккен ¨He got mad and walked out. – Ол кіжініп шығып кетті. ¨She's mad at me for being late. – Кешіккеніме ол ызаланып кетті. ¨(BrE) That noise is driving me mad. – Ана шу қояншығымды ұстатып барады. ¨(BrE) He'll go mad when he sees the damage. – Мына зақымды көргенде ол ашуға булығатын болады. 4. ~ (about/on sth/sb) (BrE, informal) өте қызыққан, құштар ¨to be mad on tennis – есіл-дерті теннис болу ¨He's always been mad about kids. – Бала(лар) десе оның жаны қалмайды. ¨football-mad boys – доп ойнап тозған балалар, футболсүйгіш/-құмар балалар ¨She's completely power-mad. – Ол мүлде билікқұмар/ Бастық болғанға оның жаны құмар. 5. (толқи) есі шыққан, қым-қуыт, дүркіреген ¨The crowd made a mad rush for the exit. – Жұрт дүркірей шығар есікке ұмтылды. ¨Only a mad dash got them to the meeting on time. – Олар жанұшыра зытып қана кездесуге үлгерді. ¨(BrE) The team won and the fans went mad. – Команда жеңді де жанкүйерлері есі шыға азан-қазан болды. ¨~ with sth (BrE) to be mad with anger/excitement/grief/love – ашудан жындану/ толқи есі шығу/ қайғыдан көкірегі шерге толу/ ғашықтық дертіне шалдығу 6. (idm) *be mad for sb/sth (BrE, informal) өте қызығу, құштар болу ¨Scott's mad for peanuts. – Скот жержаңғақты/ арахисті өте жақсы көреді. *hopping mad (informal) өте ашулы, қатты ызаланған *like crazy/mad (informal) «жынды сияқты», бар пәрменімен, жанұшыра ¨I had to run like mad to catch the bus. – Автобустан қалып қалмайын деп жындыша жүгіруіме тура келді. *(as) mad as a hatter/a March hare (informal) есі ауысқан, ақылынан алжасқан; топас, жарымес *mad keen (on sth/sb) (BrE, informal) «өлердей» жақсы көру, есі кете құштар болу, қызығу ¨He's mad keen on planes. – Самолет/Ұшақ десе ішкен асын жерге қояды. *(stark) raving mad/bonkers (informal) мүлде есі ауысқан/ақылынан алжасқан, мүлде топас/ жарымес