madness [ˈmædnəs] n 1. (old-fashioned) есі ауысқандық, есінен алжасқандық, психикалық аурумен ауру(шылық), жынды күй/хал, ессіздік (syn: insanity) ¨There may be a link between madness and creativity. – Жындылық/ Ессіздік пен творчествоның/ жасампаздықтың арасында өзара байланыс болуы мүмкін. 2.жарыместік, есалаңдық, жындылық, ессіздік ¨It would be sheer madness to trust a man like that. – Сол сияқты кісіге сену нағыз жарыместік/ ессіздік болар еді. ¨In a moment of madness she had agreed to go out with him. – Бір сәт құдай ұрып ол онымен баруға келісті.