magna cum laude [ˌmæɡnə kʊm ˈlɔːdi; ˌmæɡnə kʊm ˈlaʊdeɪ] adv, adj (from Latin) «үлкен абыроймен/мақтаумен» (АҚШ-та колледж бітіргендегі жоғарғы үш бағаның/нәтиженің екіншісі/ортаншысы. Бұл ретте үшінші/ төменгі деңгей: cum laude - «абыроймен/мақтаумен», бірінші/жоғарғы деңгей: summa cum laude - «асқан абыроймен/өте мақтаулы/ үздік») ¨She graduated magna cum laude from UCLA. – Ол Лос-Анджелес Калифорния университетін үлкен абыроймен бітірді.