maintain [meɪnˈteɪn] v 1. ~ sth (белгілі бір деңгейде, күйде) ұстау, сақтау, қамтамасыз ету, қамдау (syn: preserve) ¨to maintain law and order/standards/a balance – қоғамдық тәртіпті сақтау (қамтамасыз ету, қамдау) / стандарттарды/ балансты (тепе-теңдікті) сақтау ¨The two countries have always maintained close relations. – Екі ел арасында қашан да тығыз байланыстар болған. ¨(formal) She maintained a dignified silence. – Ол абыройлы үнсіздік сақтады. ¨to maintain prices – бағаларды бір қалыпта ұстау 2. ~ sth күту, қарау, жөндеп отыру ¨The house is large and difficult to maintain. – Үй үлкен және қарау қиын. 3.айтқанынан танбау/қайтпау, айтып тұрып алу, (бірнәрсе) деумен болу (syn: insist) ¨~ (that)… The men maintained (that) they were out of the country when the crime was committed. – Олар қылмыс жасалған кезде шетелде болдық деумен болды. ¨~ sth She has always maintained her innocence. – Ол қашан да кінәсізбін деумен болды. ¨‘But I'm innocent!’ she maintained. – «Алайда мен кінәсізбін!», деді ол. 4. ~ sb/sth күту, бағып-қағу, қарау (syn: keep) ¨Her income was barely enough to maintain one child, let alone three. – Оның табысы үш бала түгілі, бір баланың өзін асырауға әзер жететін.