make [meɪk] A.v (made, made [meɪd]) 1. жасау, әзірлеу, жасап шығару, өндіру, дайындау ¨~ smth to make a table/dress/cake – стол жасау/ киім тігу/ торт пісіру (әзірлеу) ¨to make bread/cement/paper – нан пісіру/ цемент жасау/ қағаз жасау ¨She makes her own clothes. – Ол өз киімін өзі тігеді. ¨made in France – Францияда жасалған ¨~ smth (out) of smth What's your shirt made of? – Көйлегің неден тігілген? ¨~ smth from smth Wine is made from grapes. – Шарапты жүзімнен жасайды. ¨~ smth into smth The grapes are made into wine. – Жүзімнен шарап жасайды. ¨~ smth for smb She made coffee for us all. – Ол бәрімізге кофе әзірлеп берді. ¨~ smb smth She made us all coffee. – Ол бәрімізге кофе әзірлеп берді. ¨These regulations were made to protect children. – Бұл ережелер балаларды қорғау үшін енгізілген/ пысықталған. ¨My lawyer has been urging me to make a will. – Адвокатым мұрахат жазуымды өтінуде/ өтініп жүр. ¨She has made several movies. – Ол бірнеше фильм түсірген. 2. ~ a bed төсек салу/ әзірлеу/ дайындау 3. ~ smth бірнәрсенің әсерінен болу ¨The stone made a dent in the roof of the car. – Тас машинаның төбесін майыстырған. ¨The holes in the cloth were made by moths. – Матадағы тесіктер күйеден (жәндік) пайда болған. 4. ~ smth істеу, себепкер болу ¨to make a noise/mess/fuss – шуылдау/ бықсыту/ әбігер қылу ¨She tried to make a good impression on the interviewer. – Ол/Оның интервью алушыға жақсы әсер қалдырғысы келді. ¨I keep making the same mistakes. – Бір/Сол қатені қайта-қайта істеймін/ жіберемін. 5. ~ smb/smth/yourself ¨The news made him very happy. – Жаңалықты естіп ол қатты қуанды. ¨She made her objections clear. – Ол қарсы екенін анық білдірді. ¨He made it clear that he objected. – Ол қарсы екенін анық білдірді. ¨The full story was never made public. – Оқиға туралы толық мәлімет жарияланған емес. ¨Can you make yourself understood in Russian? –Ойыңды орысша жеткізе аласың ба? ¨She couldn't make herself heard above the noise of the traffic. – Көлік қозғалысының шуылынан ол өзін естірте алмады. ¨The terrorists made it known that tourists would be targeted. – Террористер туристерді нысанаға алатынын білдірді. 6. ~ smb/smth do smth істету, істеткізу, жасату, жасаттыру ¨She always makes me laugh. – Ол мені күлдіреді де жүреді. ¨This dress makes me look fat. – Мына көйлек мені семіз етіп көрсетеді. ¨What makes you say that? – Өйтіп айтуыңа не себеп(кер)?/ Неліктен сөйдейсің? ¨Nothing will make me change my mind. – Ешнәрсе (де) ойымды өзгерте алмайды/ ойымнан айнытпайды. 7.бірнәрсеге айналдыру, - ету ¨~ smth of smb/smth This isn't very important - I don't want to make an issue of it. – Бұл пәлендей маңызды емес – бұны дабыра еткім келіп тұрған жоқ. ¨Don't make a habit of it. – Бұны әдетке айналдырма. ¨You've made a terrible mess of this job. – Мына жұмыстың ботқасын шығардың ғой. ¨It's important to try and make something of your life. – Өміріңде қарманып қалғаның дұрыс. ¨We'll make a tennis player of you yet. – Біз әлі сенен теннисші шығарамыз. ¨I made painting the house my project for the summer. – Үйді сырлап шығуды жаздағы жұмысым еттім. ¨She made it her business to find out who was responsible. – Кімнің жауапты екенін анықтауға ол өзін міндеттеді. 8. ~ a decision, guess, comment, etc. шешім шығару, болжам жасау, пікір айту ¨Come on! It's time we made a start. – Ал, енді! Бастайтын уақтымыз болды. 9. біреуге істету, біреуді мәжбүрлеу ¨~ smb do smth They made me repeat the whole story. – Олар маған бүткіл әңгімені қайтадан айтқызды. ¨be made to do smth She must be made to comply with the rules. – Оны ережені сақтауға міндеттеу керек. ¨~ smb He never cleans his room and his mother never tries to make him. – Ол еш уақытта бөлмесін тазаламайды және анасы да оған ештеңе демейді. 10. біреудің суретін не қылығын салу, біреудің ролін ойнау ¨You've made my nose too big. – Мұрнымды (суретте) тым үлкейтіп жіберіпсің. ¨He makes King Lear a truly tragic figure. – Ол рольде Король Лирді нағыз шерлі/ трагедиялық образ етіп көрсетеді. 11.тағайындау, ету ¨She made him her assistant. – Ол оны көмекшісі етті. 12. linking verb ~ smb/smth (маман, тсс) болу ¨She would have made an excellent teacher. – Одан тамаша мұғалім шығар еді. ¨This room would make a nice office. – Мына бөлмеден жақсы офис жасаса/ жасауға болар еді. 13. linking verb тең болу ¨5 and 7 make 12. – 5-ті 7-ге қосса 12 болады/12-ге тең болады. ¨A hundred cents make one euro. – Жүз цент бір евроға тең. 14. linking verb жалпы саны пәлендей болу ¨That makes the third time he's failed his driving test! – Сонымен ол машина айдау сынағынан үшінші рет құлауда. 15. ~ smth ақша/табыс табу ¨She makes $100 000 a year. – Ол жылына $100 000 табады. ¨to make a profit/loss – кіріс көру/ шығынға ұшырау ¨We need to think of ways to make money. – Ақша табудың жолдарын қарастыруымыз керек. ¨He made a fortune on the stock market. – Қор биржасында ол керемет байып алды. ¨He makes a living as a stand-up comic. – Ол күнгөрісін комедиант ретінде табады. 16.ойлау, есептеу ¨What time do you make it? – Уақыт қанша болды деп ойлайсың? ¨I make that exactly $50. – Есептеуім бойынша тура $50. 17. ~ smth бір жерге жету, бару ¨Do you think we'll make Dover by 12? – Дуврге 12-ге қарай жетеміз деп ойлайсың ба? ¨I'm sorry I couldn't make your party last night. – Ғафу еткін, кеше кешкісін сауық-кешіңе келе алмадым. ¨He'll never make the team. – Ол ешқашан командаға қосыла алмайды. ¨The story made the front pages of the national newspapers. – Бұл әңгіме ұлттық газеттердің алғашқы беттерінде жарық көрді. ¨We just managed to make the deadline. – Дер кезінде бітіре алдық. 18. ~ smth табысты, оңды ету ¨Good wine can make a meal. – Жақсы шарап ас сіңдіреді. ¨The news really made my day. – Бұл хабардан бүгінгі күнім оңды болды. 19. (idm) *make as if to do smth бірнәрсе істейтін сияқты көріну, бірнәрсеге ыңғайланғандай көріну ¨He made as if to speak. – Ол сөйлейтіндей көрінді. *make do (with smth) барды/ бар нәрсені пайдалану/-а тұру, барға риза болу ¨We were in a hurry so we had to make do with a quick snack. – Асығыс болатынбыз, сөйтіп жеңіл-желпі бәрнәрсе жеуге тура келді. ¨Can you make do with $5 for now and I’ll give you the rest tomorrow? – Қазірге $5 ала тұрсаңшы, қалғанын ертең берейін? ¨I hardly had any food in the house so I just had to make do. – Үйде болмашы азық болғандықтан, нені болса да талғажау етуім керек болды. ¨I usually make do with a cup of coffee for breakfast. – Маған таңғы асқа әдетте бір құты кофе жетеді. ¨For many people, make do and mend was a harsh reality. – Көптеген адамдар үшін жыртығын жамап күн көру ащы өмір шындығы болды. *make good табысты болып баю ¨a country boy who made good in New York – Нью-Йоркте табысқа жетіп дәулетті болған ауыл баласы *make smth good a) шығынның орнын толтыру, бүлінген нәрсені қалпына келтіру ¨She promised to make good the damage. – Ол зақымды қалпына келтіруге уәде берді. b) уәдесінде тұру, айтқанын істеу (syn: fulfil) *make it a) кәсібінде/ жұмысында табысты болу ¨He never really made it as an actor. – Актер ретінде ол пәлендей мандыртқан емес. b) үлгеру, үлгеріп жету ¨The flight leaves in twenty minutes - we'll never make it. – Рейс жиырма минутта аттанады – қайтсек те үлгере алмаймыз. c) қатыса алу, бара/келе алу ¨I'm sorry I won't be able to make it on Saturday. – Ғафу өтінемін, сенбі күні келе алмаймын. d) аман қалу, аман құтылу; шамасы жету ¨The doctors think he's going to make it. – Дәрігерлер ол тәуір болады деп ойлайды. ¨I don't know how I made it through the week. – Бұл аптада қалай ғана шыдағанымды білмеймін. *make it with smb (NAmE, slang) біреумен жыныс қатынасына түсу *make like… (NAmE, informal) мықты, білімдар, тсс болып көріну ¨He makes like he's the greatest actor of all time. – Ол өзін бар замандағы ұлы актер ретінде көрсетеді. *make the most of smth/smb/yourself бірнәрсені пайдаланып қалу, қызығын көру, неғұрлым пайдалану ¨It's my first trip abroad so I'm going to make the most of it. – Бұл менің шетелге тұңғыш сапарым, сондықтан неғұрлым пайдаланғаным жөн. ¨She doesn't know how to make the most of herself. – Ол өзін қалай көрсетуді білмейді. *make much of smth/smb көп мән беру, көп көңіл бөлу ¨He always makes much of his humble origins. – Ол өзінің жай жерден шыққанын білдіре береді. ¨Don't make too much of the test results. – Сынақ нәтижелеріне онша көп мән бере берме. *make or break smb/smth болу не бордай тозу, табысқа жету не құру ¨This movie will make or break him as a director. – Бұл фильм оны режиссер ретінде болғызады не бордай тоздырады. ¨It's make-or-break time for the company. – Бұл компания үшін сын сағат. *make smth of yourself табысқа өз күшімен жету, қолынан бірнәрсе келу ¨I wanted to prove to my family that I could make something of myself. – Отбасыма қолымнан бірнәрсе келетінін дәлелдегім келді. 20. (phr v) *make for smth a) бірнәрсеге қарай жылжу b) себепкер болу ¨Constant arguing doesn't make for a happy marriage. – Ылғи ұрыс-керіс отбасын бақытты етпейді. *make smb/smth into smb/smth біреуді/бірн-ні біреуге/бірн-ге айналдыру, өзгерту, жасау (syn: turn into) ¨We're making our attic into an extra bedroom. – Шатырымыздан қосымша ұйқы бөлмесін жасап жатырмыз. The movie made her into a star overnight. – Осы фильм оны бір күнде жұлдыз/әйгілі етті. *make smth of smb/smth ұғу, түсіну ¨What do you make of it all? - Бұдан жалпы не ұғасың? ¨I can't make anything of this note. – Мына записканы/жазбаны ұқсам бұйырмасын. ¨I don't know what to make of the new manager. – Жаңа менеджерді ұға алмай жүрмін. *make off зыта жөнелу, тайып тұру, асығыс кету *make off with smth ұрлап/жымқырып тайып отыру *make out a) (informal) айналысу, еңсеру, істеу ¨How did he make out while his wife was away? – Әйелі жоқ кезде ол қайтті/қайтіп күн көрді? How did you make out this morning? – Таңертең қайттің? b) make out (with smb) (NAmE, informal) біреумен ғашықтықпен/ құмарта аймаласу; жыныс қатынасына түсу *make smb out біреуді ұғу/түсіну *make smb/smth out a) аңғара/ айыра/ аңдай алу, көріп/ естіп/ оқып қалу, көре/ести/оқи алу (syn: distinguish) ¨I could just make out a figure in the darkness. – Қараңғыда бұр сұлбаны көзім шалып қалды. ¨~ out what, who, etc… I could hear voices but I couldn't make out what they were saying. – Дауыстарды естігенмен, олардың не деп жатқанын аңдамадым/ ұға алмадым. b) пәлендей деп айту, топшылау, ойлау (syn: claim) ¨She's not as rich as people make out. – Ол жұрт ойлағандай бай емес. ¨~ out that… He made out that he had been robbed. – Ол өзін біреулер тонап кетті деді. ¨~ smb/smth out to be/do smth She makes herself out to be smarter than she really is. – Ол өзінің жаманын жасырып, жақсысын асыруға тырысады. *make smth out a) қағаз, документ толтыру ¨He made out a cheque for €100. – Ол €100-ның чегін толтырды. ¨The doctor made out a prescription for me. – Дәрігер маған рецепт жазып берді. ¨Applications must be made out in triplicate. – Анкеталар үш данадан толтырылуы керек. b) ұғу, аңғару, аңдау ¨How do you make that out? – Неге олай ойлайсың? ¨~ out what, why, etc… I can't make out what she wants. – Оған не керек екенін ұға алмадым. *make smth over (to smb/smth) a) біреуге заңды түрде бірнәрсені беру ¨He made over the property to his eldest son. – Ол үй-жайды үлкен ұлына өткізді. b) бірнәрсенің сыртқы кейпін не қолданысын өзгерту; біреудің сыртқы кейпін өзгерту (syn: transform) ¨Redgrave has made herself over completely for her movie role. – Редгрейв өзін жаңа роліне лайықтап толықтай өзгертті. *make towards smth бірнәрсеге қарай жылжу ¨He made towards the door. – Ол есікке қарай жылжыды. *make up | make yourself/smb up бетін опалау, әрлеу *make smth up a) құрау, түзу, құрамы(нда) болу (syn: constitute) ¨Women make up 56% of the student numbers. – Қыздар/Әйелдер студенттердің 56%-ін құрайды. b) құрастыру, құрау, біріктіру, жасақтау; қосу ¨I saved as much as I could, and my parents made up the rest. – Шамамның келгенінше (ақша) жидым, қалғанан ата-анам қосты. ¨We need one more person to make up a team. – Команда жасақтау/ құрау үшін бізге тағы бір адам керек. c) ойдан құрастыру, ойдан шығару, (сылтау) ойлап табу, сылтаурату ¨He made up some excuse about his daughter being sick. – Ол қызым ауырып қалды деген сылтау ойлап тапты/ Ол қызының ауырып қалғанын сылтауратты. ¨I told the kids a story, making it up as I went along. – Балаларға ойдан құрастыра әңгіме айттым. ¨You made that up! – Бұны ойдан шығарып тұрсың! d) орнын толтыру, есесін қайтару, өтеу ¨Can I leave early this afternoon and make up the time tomorrow? – Бүгін ертерек кетіп, ертең қалып жұмыс істесем/орнын толтырсам бола(ды) ма? e) дәрі-дәрмек әзірлеу f) төсек салу/әзірлеу/дайындау ¨We made up the bed in the spare room. – Біз бос бөлмеде төсек салдық. ¨They made up a bed for me on the sofa. – Олар маған төсекті диванға салды. g) (especially NAmE) қонақ үйдегі бөлмені тазалап, реттеу ¨The maid asked if she could make up the room. – Күтуші бөлмені/номерді реттеуге бола ма деп сұрады. ¨They had forgotten to make up the room. – Олар бөлмені тазалауды ұмытып кетіпті. *make up (with smb) (BrE also make it up) татуласу, табысу, қайта жарасу ¨Why don't you two kiss and make up? – Осы екеуің бір-біріңді сүйіп, табыспайсыңдар ма? ¨Has he made it up with her yet? – Ол онымен табысты ма екен? ¨Have they made it up yet? – Олар татуласты ма екен? *make up for smth жағдайды оңалту, түзеу, есесін қайтару (syn: compensate) ¨Nothing can make up for the loss of a child. – Бала өлімін ешнәрсе де толтыра алмайды. ¨After all the delays, we were anxious to make up for lost time. – Талай кешігістен соң жоғалған уақыттың орнын толтырмақ/уақытты өтемек болып уайымдаймыз. ¨Her enthusiasm makes up for her lack of experience. – Оның құлшынысы тәжірибесінің аздығын жабады. ¨A warm and sunny September made up for a miserable wet August. – Жылы да шуақты қыркүйек дымқыл тамыздың есесін қайтарды. *make up (to smb) for smth біреуге келтірген шығынның орнын толтыру, зиянды өтеу (syn: compensate) ¨How can I make up for the way I've treated you? – Саған дұрыс қарамағанымды қалай өтесем екен? ¨ (informal) I'll make it up to you, I promise. – Саған өтеп беремін, бұл - уәдем. *make up to smb (BrE, informal, disapproving) біреуге жағыну, жағымпаздану, маймөңкелеу B.n 1. ~ (of smth) марка, түр (заттың) ¨What make of car does he drive? – Ол қандай машина айдап жүр? ¨There are so many different makes to choose from. – Бұнда бұл заттың неше түрі бар. ¨a Swiss make of watch – швейцариялық сағат ¨We need to know the make, model and year of your car. – Машинаңыздың маркасын, моделін және жылын білуіміз керек. 2. (idm) *on the make (informal, disapproving) табысты болу/ жоғарылау үшін тырысып, аянбай жатқан, тыным таппаған ¨He was just a salesman on the make. – Ол тыным таппайтын сатушы еді.