maker [ˈmeɪkə(r)] n 1. ~ (of smth) жасаушы, жасап шығарушы, өндіруші, автор ¨a decision/law/policy maker – шешім/заң шығарушы/ саясат түзуші (құраушы) ¨programme makers – программаны жасаушылар/ түсірушілер, программа авторлары ¨a new film/movie from the makers of ‘Terminator’ – «Терминаторды» түсіргендерден жаңа фильм ¨If it doesn't work, send it back to the maker. – Бұл істемесе, өндірушілеріне кері жібер. ¨an electric coffee-maker – электр кофе қайнатқыш ¨one of the best winemakers in France – Франциядағы үздік шарап өндірушілердің бірі 2. the, his, your, etc. M~ құдай, Жаратушы/жаратушы, Жаратқан/жаратқан 3. (idm) *meet your Maker (especially humorous) дүние салу, дүниеден озу