man [mæn] A.n (pl men [men]) 1.еркек, ер адам, ер кісі ¨a good-looking young man – тартымды/келісті жас жігіт ¨the relationships between men and women – ерлер мен әйелдер арасындағы (қарым-) қатынас 2. (жалпы) адам, адамзат, адам баласы ¨the damage caused by man to the environment – адамның/адамзаттың айналаға/қоршаған ортаға тигізген зияны ¨early/modern/Prehistoric man – алғғашқы/қазіргі заманғы/ежелгі (тас дәуіріндегі) адам 3. (literary or old-fashioned) адам, кісі (еркек не әйел) ¨All men are equal in the eyes of the law. – Заң алдында барлық адам бірдей. ¨a man’s right to work – жұмысқа/жұмыс істеуге деген адамның/кісінің хақы 4.белгілі бір жақтан келген не белгілі бір салада істейтін адам ¨a Frenchman – француз, франциялық ¨a businessman – бизнесмен, кәсіпкер ¨a medical man - дәрігер ¨a sportsman – спортшы 5.белгілі бір нәрсені жақсы көретін адам ¨a betting/drinking/fighting man – бәс тіккіш (кісі)/ ішімдікке жақын адам/ төбелесқой ¨I think he’s a beer man. – Ол сырақұмар ғой деймін. 6.белгілі бір ұйымға қызмет етуші не оны жақтаушы адам ¨the BBC’s man in Moscow – BBC-дің Мәскеудегі тілшісі ¨a loyal Republican Party man – Республикашыл/ Республикалық партияның тілеулесі/ жақтаушысы 7.жауынгер; жұмысшы ¨The officer refused to let his men take part in the operation. – Офицер операцияға адамдарын/ солдаттарын жібермей қойды. ¨The conditions in which the men were working were terrible. – Жұмысшылардың жұмыс жағдайы сұмдық еді. 8.жөндеуші, жұмысшы ¨the gas man – газ (жабдықтарын) жөндеуші ¨The man's coming to repair the TV today. – Бүгін телевизор жөндеуші келеді. 9. (informal, esp NAmE) сабаз, дос(тым), бауыр, көке, әке ¨Nice shirt, man! – Жақсы жейде екен, көке/әке. ¨Hey man. Back off! – Оу, бауыр. Кері тұра ғой! ¨Don't just stand there, man - get a doctor! – Состиып тұрма, бауырым – дәрігер шақыр! 10. (sometimes disapproving) күйеу; көңілдес еркек, жүріп жүрген еркек, әйелдің жігіті ¨What's her new man like? – Оның жаңа жігіті қандай екен? ¨I now pronounce you man and wife. – Сіздерді енді күйеуі мен әйелі деп жариялаймын. 11.еркек, батыл, жүректі ¨Come on, now - be a man. – Ал, енді, еркек бол/ қауқар таныт. ¨She's more of a man than he is. – Ол (әйел) оған (еркекке) қарағанда батыл. 12. (old-fashioned, formal) (еркек) қызметші, малай ¨My man will drive you home. – Қызметшім сізді (көлікпен) жеткізіп салады. 13. (шахматтағы) фигура 14. (idm) *as one man бір адамдай, жұмыла, қоян қолтық, бірлесе ¨The crowd rose to their feet as one man. – Жұрт өре/бірден түрегелді. ¨The staff speak as one man on this issue. – Осы мәселеде қызметкерлердің пікірі ортақ. *be all things to all men/people a) бәріне жағуға, бәрінің көңілін табуға тырысу ¨You have to stop trying to be all things to all people. – Барлығына жағамын деуіңді қоюың керек. b) бірнәрсені түрлі адамның түрліше түсінуі *be smb’s man белгілі бір істің шебері болу ¨For a superb haircut, David's your man. – Тамаша шаш қырқуға келгенде Дэвидтен асатын ешкім жоқ. *be man enough (to do smth/for smth) қажетінше қауқарлы, табанды, батыл болу ¨He was not man enough to face up to his responsibility. – Оның өз ісіне оншалықты шамасы жетпейтін. *be your own man/woman өз-өзіне қожа болу ¨Working for himself meant that he could be his own man. – Өзіне жұмыс істеу ол үшін өз-өзіне қожа болу деген сөз еді. *every man for himself (saying) әркім өзі үшін ¨In business, it's every man for himself. – Бизнесте әркім өзі үшін (істейді). *a/the grand old man (of smth) [қ-з: grand (A7)] *like a man/woman possessed, like one possessed жын ұрғандай/соққандай, құтырған адамша/әйелше ¨He flew out of the room like a man possessed. – Ол бөлмеден жын соққандай атып шықты. *make a man (out) of smb біреуді адам/еркек қылу/жасау ¨They thought the army would make a man of him. – Олар оны армия/әскер адам/еркек етеді деп ойлады. *a/the man about town сауықшыл, той-томалақшыл, көңіл көтергіш ¨In his new suit, he looked quite the man about town. – Жаңа костюмінде ол кәдімгідей сауықшыл болып көрінді. *a man/woman after your own heart [қ-з: heart (8)] *man and boy бала күнінен/жастайынан бері ¨He's been doing the same job for 50 years - man and boy. – Ол осы жұмыспен 50 жыл бойы, бала күнінен бері айналысып келеді. *the man (and/or woman) in the street қарапайым/ жай адам, «көше» адамы ¨Politicians often don't understand the views of the man in the street. – Саясаткерлер жай/қарапайым адамдардың пікірін түсіне бермейді. *a man of God/the cloth (old-fashioned, formal) дін адамы/ қызметкері *the man of the match (BrE, sport) «матч адамы», матчтың үздік ойыншысы ¨Rooney was named man of the match. – Руни матчтың үздік ойыншысы атанды. *a man/woman of (many) parts сегіз қырлы, бір сырлы адам *a man/woman of the people халыққа беделді адам, халық/жұрт адамы ¨He is not only a statesman, but also a man of the people. – Ол тек мемлекеттік қайраткер емес, халыққа беделді адам. *a man/woman of substance (formal) бай әрі ықпалды адам/әйел *a man/woman of the world тәжірибелі, көпті көрген кісі/әйел *man’s best friend «адамның ең жақсы/адал серігі» (яғни, ит) *a man’s home is his castle (US) (BrE an Englishman’s home is his castle) (saying) «кісінің үйі – қамалы», өз үйім – өлең төсегім *a man’s man нағыз еркек, қайратты еркек *man to man нағыз еркекше, еркектер арасындағы ¨I'm telling you all this man to man. – Мен бұның бәрін еркекке айтқандай айтып тұрмын. ¨a man-to-man talk – еркектерше сөйлесу *a marked man/woman «нысанаға алынған кісі/әйел» (жауларынан қауіп төнген кісі/әйел) ¨He has been a marked man since he decided to cooperate with the police. – Ол полицияға көмектесе бастағалы бері нысанаға ілікті. *the next man, woman, person жай/кез-келген адам, әйел, кісі ¨I can enjoy a joke as well as the next man, but this is going too far. – Әншейін адам ретінде де маған қалжыңдасқан ұнайды, алайда бұл жайт тым алысқа кетіп бара жатты. *the odd man/one out «оғаш адамға/немеге орын жоқ», оғаш, біртүрлі адам не нәрсе сыйыспайды ¨At school he was always the odd man out. – Мектепте ол ылғи да елден ерек(ше) жүретін. ¨Dog, cat, horse, shoe - which is the odd one out? – Ит, мысық, ат, мысық – қайсысы артық? *one man’s meat is another man’s poison (saying) «біреуге жаққан ет басқа біреу үшін у», біреу ұнатқан нәрсені екінші біреудің мүлде ұнатпауы мүмкін дег мағ *the poor man’s smb/smth «жарлы үшін біреу/бірнәрсе», сапасы я қабілеті төмен нәрсе, адам ¨Sparkling white wine is the poor man's champagne. – Көпіретін шарап кедейдің шампаны. ¨The local artist became known as the poor man's Picasso. – Жергілікті суретші жарлының Пикассосы деген атпен белгілі болды. ¨I was happy with my new car, even though my friends called it a poor man's Jaguar. –Достарым жарлының ягуары десе де машинама риза едім. *separate/sort out the men from the boys «кімнің еркек, кімнің бала екенін тану», кімнің өжет, батыл, кімнің ондай еместігіне көзі жету *to a man, to the last man бәрі түгелімен, бәрі тегіс ¨They answered ‘Yes,’ to a man. – Олардың бәрі де тегіс «Иә» деді. ¨They were all destroyed, to the last man. – Олардың бәрі түгелімен құрыды. ¨They were socialists to a man. – Олардың бәрі тегіс/түгел социалист еді. *you can’t keep a good man down (saying) құлшынған, ұмтылған адам көздегеніне жетеді B.v (-nn-) ~ smth белгілі бір жерде іспен айналысу, жабдықты басқару; жұмысқа адам қою (syn: crew, staff) ¨Soldiers manned barricades around the city. – Қала айналасындағы баррикадаларда солдаттар болды. ¨The telephones are manned 24 hours a day by volunteers. – Еріктілер телефондарда тәулік бойы отырды. C.excl (informal, esp NAmE) таңырқасты я ашуды білд ¨Man, that was great! – Паһ, керемет болды, иә!