manipulate [məˈnɪpjuleɪt] v 1. (disapproving) айлаға салу, айла-шарғы жасау, әккілік жасау, «сапырылыстыру», манипуляциялау, қақпақылдау ¨~ smb/smth She uses her charm to manipulate people. – Ол өз сымбатын жұртты өзіне қарату үшін пайдаланады. ¨As a politician, he knows how to manipulate public opinion. – Саясатшы ретінде ол көпшілік пікірін қалай сапырылыстыруды/ пайдалануды біледі. ¨~ smb into smth/into doing smth They managed to manipulate us into agreeing to help. – Олар айлаға салып бізді көмектесуге көндірді. 2. ~ smth (formal) еппен, шебер басқару, игеру не қолдану, қақпақылдау ¨to manipulate the gears and levers of a machine – машинаның тұтқалары мен тетіктерін алма-кезек пайдалану ¨Computers are very efficient at manipulating information. – Информацияны игергенге келгенде компьютерлер өте тиімді. 3. ~ smth (technical) дене буындарын я сүйектерін қолмен қалпына келтіру; оташылық жасау, шыққан буынды салу, сынған сүйектерді салу