manner [ˈmænə(r)] n 1. (formal) кейіп, күй, мәнер, қалып, үлгі ¨She answered in a businesslike manner. – Ол жүйелі жауап берді. ¨The manner in which the decision was announced was extremely regrettable. – Шешімді жария ету мәнері/ күйі өте қынжылтты/ Шешімнің осылай жария етілуі қатты қынжылтты. 2.мәнер, күй, кейіп ¨to have an aggressive/a friendly/a relaxed manner – жұртқа дікеңдей қарау/ жұртты ішке тарту/ жұртпен емін-еркін болу ¨His manner was polite but cool. – Оның мәнері әдепті болғанымен салқын еді. 3. ~s мінез(-құлық), өзін-өзі ұстау мәнері, жүріс-тұрыс ¨to have good/bad manners – мінезі жақсы/ жаман болу ¨It is bad manners to talk with your mouth full. – Аузын толтырып алып сөйлеген әдепке жатпайды. ¨He has no manners. – Ол жүрген бір ожар. ¨She could at least have the good manners to let me know she won’t be able to attend. – Өзінің келе алмайтынын ескертіп айтып, әдептілік көрсетуге шамасы келмеді. 4. ~s (formal) әдет-ғұрып, жол, жол-жоралғы, салт-дәстүр ¨the social morals and manners of the seventeenth century – он жетінші ғасырдағы әлеуметтік мораль мен әдет-ғұрып 5. (idm) *all manner of smb/smth түрлі адамдар/ нәрселер ¨The problem can be solved in all manner of ways. – Мәселені түрлі жолмен шешуге болады. ¨He enjoyed interacting with all manner of different people. – Неше түрлі адамдармен араласқан оның көңліне жақты. *in the manner of smb/smth (formal) біреудің/ бірн-ң үлгісінде, ұқсата, еліктей ¨a painting in the manner of Raphael – Рафаель үлгісінде/ Рафаельге еліктей салған картина *in a manner of speaking әйтеуір, жалпы, десе де болады ¨All these points of view are related, in a manner of speaking. – Осы пікірлердің бәрі де, әйтеуір, бір-бірімен байланысты. ¨‘Are you his girlfriend?’ Nicola asked. ‘In a manner of speaking.’ – «Оның жүріп жүрген қызысың (қалыңдығысың) ба?», деп сұрады Никола. «Солай десе де болады». ¨The illustrations make dinosaurs come alive, in a manner of speaking. – Бұл иллюстрациялар/ бейнелеулер динозаврлерға жан бітіреді десе де болады. *(as/as if) to the manner born (formal) құдды/тап бір бұрыннан үйренгендей, білетіндей, тсс ¨She adapted to life on the estate as if to the manner born. – Ол ферма өміріне құдды бір осында туып-өскендей үйреніп кетті. *what manner of… (formal or literary) қандай, нендей ¨What manner of man could do such a terrible thing? – Бұндай сұмдықты қандай (ғана) адам істей алады екен?