many [ˈmeni] det, pron 1.көп, көптеген, талай, көпшілік ¨We don't have very many copies left. – Бізде онша көп копиясы қалмады. ¨You can't have one each. We haven't got many. – Әрқайсымызға бір-бірден жетпейді. Бізде көп емес. ¨Many people feel that the law should be changed. – Көптеген адам заңды өзгерту керек деп ойлайды. ¨Many of those present disagreed. – Қатысқандардың көпшілігі келіспеді. ¨How many children do you have? – Қанша балаң(ыз) бар? ¨There are too many mistakes in this essay. – Эсседе қате тым көп. ¨He made ten mistakes in as many lines. – Ол он жолда соншама (он) қате жіберіпті. ¨New drivers have twice as many accidents as experienced drivers. – Жаңа жүргізушілер тәжірибелілерге қарағанда машинаны екі есе көп ұрады. ¨Don't take so many. – Сонша(ма) көп алма/ әкетпе. ¨I've known her for a great many years. – Мен оны талай жылдан бері білемін. ¨Even if one person is hurt that is one too many. – Бір адам жарақаттанса да көп. ¨It was one of my many mistakes. – Бұл менің көптеген қателерімнің бірі еді. ¨a many-headed monster – көп басты құбыжық 2.the ~ көптеген адамдар ¨a government which improves conditions for the many – көптеген адамдардың жағдайын жақсартатын үкімет 3. ~ a (formal) көптеген, талай ¨Many a good man has been destroyed by drink. – Талай адамды арақ құртты. 4. (idm) *as many as… соншама көп, бақандай, үймелей ¨There were as many as 200 people at the lecture. – Лекцияға бақандай/ үймелей 200 адам келіпті. *have had one too many (informal) масайған, аздап мас *many’s the… (formal) көп, жиі ¨Many's the time I heard her use those words. – Оның осылай сөйлейтінін жиі/талай естігенмін.