March [mɑːtʃ] n наурыз (айы) (бұрынғыша: март)
march [mɑːtʃ] A.v 1.маршпен жүру, сап түзеп нық адымдау ¨Soldiers were marching up and down outside the government buildings. – Үкімет үйлерінің сыртында солдаттар маршпен ерсілі-қарсылы адымдап жатты. ¨Quick march! – Тез адымда! ¨They marched 20 miles to reach the capital. – Олар астанаға жету үшін 20 миль сап түзей жүрді. 2. қаздаңдау, қадаңдау, қадаңдай басу, тез әрі нық жүру ¨She marched over to me and demanded an apology. – Ол маған қаздаңдап келіп кешірім сұрауымды талап етті. 3.наразылық шеруіне шығу (syn: demonstrate) 4. ~ smb (біреуді) айдап әкету ¨The guards marched the prisoner away. – Күзетшілер тұтқынды айдап әкетті. ¨She was marched out of the door and into a waiting car. – Оны айдап әкеліп сыртта күтіп тұрған машинаға отырғызды. 5. (idm) *get your marching orders (informal) бір жерден, жұмыстан, тсс кетуді талап еткен бұйрық алу *give smb their marching orders (informal) біреуге бір жерден, жұмыстан, тсс кетуге бұйыру, бұйрық беру *march to (the beat of) a different drummer/drum жұрттан бөлек мінез таныту; өзінше бөлек ойлары, пікірі болу ¨She was a gifted and original artist who marched to a different drummer. – Ол танымы бөлек шебер де ерекше суретші еді. 6. (phr v) *march on тез жылжу, қозғалу, өту ¨Time marches on and we still have not made a decision. – Уақыт зулауда, алайда біз әлі бір ұйғарымға келмедік. *march on… наразылық білдіру не шабуылдау үшін қаптай, жөңкіле жүру ¨Several thousand people marched on City Hall. – Бірнеше мың адам қала әкімшілігіне қарай жүрді. B.n 1.шеру, топтала жүру, жүріс (наразылық, пікір білдіру үшін) ¨protest marches – наразылық шерулері ¨to go on a march – шеруге/ жүріске шығу 2.сап түзей жүру, қозғалу, маршпен жүріс/жүру ¨The army began their long march to the coast. – Армия/ Әскер өзінің жағалауға/ жағаға қарай ұзақ жүрісін бастады. 3. the ~ of smth беталыс, даму ¨the march of progress/technology/time – прогресс адымы/ технологияның дамуы/ уақыттың жылжуы 4.марш (музыкалық шығарма) 5. (idm) *on the march қозғалыста, жылжып келеді ¨The enemy are on the march. – Жау қозғалыста. *steal a march (on smb) біреуден озу ¨The company is looking at ways to steal a march on its European competitors. – Компания өзінің европалық бәсекелестерінен озудың жолдарын қарастыруда.