mark [mɑːk] A.v 1.белгілеу, белгі салу, таңбалау, таңба салу ¨~ A (with B) Items marked with an asterisk can be omitted. – Жұлдызша таңбалы заттарды алып тастаса болады. ¨~ B on A Prices are marked on the goods. – Бағалар товарларда көрсетілген. ¨~ smb/smth The teacher marked her absent. – Мұғалім оны жоқ деп белгіледі. ¨Why have you marked this wrong? – Бұны неге қате деп көрсеттің? ¨Do not open any mail marked ‘Confidential’. – «Тек өзіне» деп белгіленген/ таңбаланған хаттың ешқайсысын ашпа(ңыз). 2. ~ smth дақ салу/ түсіру, із қалдыру, ізі қалу, сиқын кетіру ¨A large purple scar marked his cheek. – Оның беті аймандай болып көгеріп, күлгін тартқан. ¨The surfaces are made from a material that doesn't mark. – Үсті дақ түспейтін материалдан жасалған. ¨Take off your shoes so you don’t mark the floor. – Аяқ киімің(із)ді шеш(іңіз); еденде ізі қалады. ¨The disease had marked her face for life. – Ауру (оның) бетінде біржола(та) дақ қалдырған. ¨The table marks easily, so please be careful. – Столға тез дақ түседі, сондықтан байқа(ңыз). 3. ~ smth белгілеу, (белгілеп) көрсету, таңбалау (syn: indicate) ¨The cross marks the spot where the body was found. – Крест/Аша мәйіттің табылған жерін көрсетеді. ¨The route has been marked in red. – Жол қызылмен көрсетілген. 4. ~ smth атап өту, еске алу рәсімін өткізу, еске алу ¨a ceremony to mark the 50th anniversary of the end of the war – соғыстың аяқталғанының елу жылдығын атап өтетін рәсім 5. ~ smth білдіру, аңғарту, белгісі/ нышаны болу ¨This speech may mark a change in government policy. – Бұл сөз (баяндама) үкімет саясатының өзгеруін аңғартуы мүмкін. ¨The agreement marks a new phase in international relations. – (Бұл) келісім халықаралық қатынастардағы жаңа кезеңді білдіреді. 6. ~ (smth) (esp BrE) (оқушылардың жұмысын) бағалау, баға қою ¨I hate marking exam papers. – Емтихан жұмыстарына баға қойғанды жақтырмаймын. ¨I spend at least six hours a week marking. – Баға қойғанға аптасына кем дегенде алты сағат жұмсаймын. 7. (formal) сипатта(л)у, есте қал(дыр)у, ерекшелену, даралау, аңғарту (syn: characterize) ¨~ smb/smth a life marked by suffering – азап тартқан өмір ¨~ smb/smth as smth He was marked as an enemy of the poor. – Оның кедейдің жауы деп аты шыққан. ¨The villages of East Anglia are marked by beautiful churches with fine towers. – Шығыс Англия ауылдары сүйір мұнаралы әдемі шіркеулерімен ерекшеленеді. ¨the flamboyance that marks her style – оның стилін аңғартатын/ даралайтын сәнқойлығы 8. (old-fashioned) осыдан қарап тұр, айтқанымды есіңе сақта дег мағ ¨~ smth There'll be trouble over this, mark my words. – Осы бір пәлеге ұрындырады, айтқаным айтқан/ қарап тұр. ¨~ what, how, etc… You mark what I say, John. – Айтқаным жадыңда болсын, Джон. 9. ~ smb (ойын кезінде) біреуді бағу, адым аштыртпау, қасынан қалмау ¨Hughes was marking Taylor. – Хьюз Тейлорды бағумен болды. ¨Our defence had him closely marked. – Қорғанысымыз одан бір елі қалмай бақты. 10. (idm) *mark time (a) (бірнәрсеге үміттене) уақыт өткізу ¨I'm just marking time in this job - I'm hoping to get into journalism. – Бұл жұмыста әшейін уақыт өткізудемін – журналист болудан дәмелімін. (b) (солдаттар ж) бір орында тұрып марштау, қозғалмай адымдау *mark you (old-fashioned, informal, esp BrE) байқа(ңыз), есің(із)де болсын, көңіл бөл(іңіз) дег мағ used ¨She hasn't had much success yet. Mark you, she tries hard. – Ол әлі пәлендей табысқа жете қойған жоқ. Бірақ та оның тырысып бағатынын білген жөн. ¨Her uncle’s just given her a car – given, mark you, not lent. – Ағасы оған машина беріпті/ берді – мынаған қара (мынаң ғара), қарызға емес, сыйлаған. 11. (phr v) *mark smb down (BrE) (емтиханда, бақылау жұмысында) төмен баға қою, бағасын азайту ¨She was marked down because of poor grammar. – Грамматикасының нашарлығынан оған төмен баға қойды. *mark smth down (a) құнын/ бағасын арзандату (opp: mark up) ¨All goods have been marked down by 15%. – Барлық товардың бағасы 15%-ке түсті/ бағасын 15%-ке түсірген. (b) ниеттеу, жоспарға, жұмыс тізіміне енгізу ¨The factory is already marked down for demolition. – Заводты сүрмекші. *mark smb down as smth (esp BrE) біреуді пәлендей деп тану/ айту ¨I hadn't got him marked down as a liberal. – Мен оны либерал еді деп айтпас едім. *mark smb/smth off (from smb/smth) ерекшелеу, даралау ¨Each of London's districts had a distinct character that marked it off from its neighbours. – Лондонның әр ауданының өзін көршілерінен ерекшелейтін сипаты бар. *mark smth off белгілей, таңбалай бөлу, бөлектеу ¨The playing area was marked off with a white line. – Ойын алаңын ақ сызықпен бөлектеген. *mark smb out as/for smth біреуден бірдеңе шығады деп тану/ ойлау ¨She was marked out for early promotion. – Ол өз жұмысында тез жоғарылайды деп ойлады (жұрт). *mark smth out бірнәрсені сызу, сызып салу/ белгілеу ¨They marked out a tennis court on the lawn. – Олар көгалдан теннис алаңын сызды. *mark smth up (a) бағасын/ құнын өсіру (opp: mark down) ¨Share prices were marked up as soon as trading started. – Сауда басталған кезде акциялар(дың құны) өсе бастады. (b) (technical) тексті, тсс түзету ¨to mark up a manuscript – қолжазбаны түзету B.n 1.дақ, сатпақ; таңба, із; кесік, тілік ¨The children left dirty marks all over the kitchen floor. – Балалар кухня еденін бастан аяқ сатпақтап тастаған. ¨a burn/ scratch mark – күйік орны/тырнақ ізі ¨Detectives found no marks on the body. – Із кесушілер/ Детективтер мәйіттен ешбір із/белгі таппады. 2.дақ, белгі, теңбіл ¨a horse with a white mark on its head – басында аң теңбілі бар ат ¨He was about six feet tall, with no distinguishing marks. – Ол жүзінде пәлендей бегілері жоқ алты футтай ұзын еді. 3.белгі, таңба ¨punctuation marks – тыныс белгілері ¨Any piece of silver bearing his mark is extremely valuable. – Оның белгісі бар кез-келген күміс бұйым - өте бағалы. ¨I put a mark in the margin to remind me to check the figure. – Қағаз жиегіне санды (цифрды) тексеруді ұмытпауым үшін белгі қойдым. 4.белгі, нышан; қасиет, сипат ¨On the day of the funeral businesses remained closed as a mark of respect. – Жерлеу күні барлық кәсіпорындар құрмет білдіре жабық болды. ¨Such coolness under pressure is the mark of a champion. – Қыспаққа түскенде асып саспау – чемпиондық/ чемпиондарға тән қасиет. 5. (esp BrE) (емтиханда, тсс берілген) баға, балл ¨to get a good/poor mark in English – ағылшын тілінен жақсы/ нашар баға алу ¨to give somebody a high/low mark – біреуге жоғары/ төмен баға қою/ беру ¨What's the pass mark? – Өту/Түсу үшін қандай баға керек? ¨I got full marks in the spelling test. – Диктанттан ең жоғары бағалар алдым. ¨(ironic)‘You're wearing a tie!’ ‘Full marks for observation.’ – «Галстук тағып алыпсың ғой!» «Байқағаның үшін бес (деген баға алдың)». 6.деңгей, дәреже, меже ¨Unemployment has passed the four million mark. – Жұмыссыздық деңгейі төрт миллионнан асты. ¨Ratings had soared towards the 20 million mark. – Рейтинг 20 млн-дық деңгейге жетті. ¨The needle was flickering around the 80 mark. – Ине/ Көрсеткіш ұшы 80-ның төңірегінде жылтылдады. ¨She was leading at the half-way mark. – Меженің жартысынан асқан кезде ол алда болатын. 7.M~ марка ¨the Mark II engine – екінші маркалы мотор/ двигатель 8. M~ (BrE) деңгей, дәреже, белгі (газ пештегі) ¨Preheat the oven to gas Mark 6. – Газ пешті алтыншы деңгейде қыздырып ал. 9. (документте қолдың орнына қойылған) таңба, белгі 10. (formal) нысана ¨Of the blows delivered, barely half found their mark. – (Жұмсалған) соққылардың жартысы ғана нысанаға тиген. ¨to hit/miss the mark – нысанадан мүлт/ қисық кету 11. = Deutschmark 12. (idm) *be close to/near the mark болжағаны, айтқаны біршама тура келу ¨Such guesses are thought to be close to the mark. – Бұндай болжамдар туралау болды деп саналады. ¨‘The Times’ was nearer the mark when it said… - «Таймстың» ..... дегені туралау/ жақындау болды. *be off the mark болжағаны, айтқаны тура келмеу, ауытқу ¨not to be accurate in a guess, statement – болжамы, айтқаны тура келмеу ¨No, you're way off the mark. – Жоқ, көп ауытқып кеттің(із). *be on the mark дәл, тура болу ¨That estimate was right on the mark. – Есептеулер дөп келді/тура болды. ¨I think that your idea is right on the mark. – Ойың жөн деп ойлаймын. *get off the mark сайыста ұпай ала бастау *hit/miss the mark (a) нысанаға тию/-дан мүлт кету (b) дегеніне жету/ жетпеу ¨Although it contains a certain amount of truth, this theory ultimately misses the mark. – Кейбір тұстары шын болғанымен, түптеп келгенде бұл теория мүлт кетеді. *leave your/its/a mark (on smth/smb) біреуге (нашар) әсер ету, біреудің санасында, тсс дақ қалдыру ¨Such a traumatic experience was bound to leave its mark on the children. – Бұндай ауыр жайттың балалар санасында дақ қалдыратыны анық. ¨War has left its mark on the country. – Соғыс ел тарихында із қалдырды. ¨She left a permanent mark on racing history. – Ол жарыс тарихында мәңгі(лік) із қалдырды. *make your/a mark (on smth) белгілі бір салада әйгілі болу, әйгілену, танымал болу ¨He has already made his mark on the music industry. –Музыка индустриясында оның аты шығып қойған. ¨She quickly made her mark as a film director. – Ол кинорежиссер ретінде тез танымал болды. *not be/feel up to the mark (old-fash, BrE) көңіл күйі онша болмау, көңілі көншімеу, жадырай алмау ¨I’m not feeling up to the mark at the moment. – Көңіл күйімнің онша болмай тұрғанышы. *on your marks, get set, go! сап түзе, дайындал, шап! (жүгірушілер жарысқа кірісетін кезде берілетін бұйрық) *overstep the mark/line «шекті басу, шектен шығу», артық кету, әдептен, тсс ауытқу ¨She realized she had overstepped the mark and quickly apologized. – Ол артық кеткенін ұқты да сол арада ғафу өтінді. *quick/slow off the mark тез/баяу әрекет ету ¨If you’re quick off the mark in answering these questions, you could win a prize. – Бұл сұрақтарға тез жауап берсең, ұтуың мүмкін. *toe the line (NAmE also toe the mark) «аяқтың ұшымен жүру», біреудің дегеніне көну, айтқанын істеу ¨One or two of them refused to toe the line. – Олардың бір-екеуінің тіл алғысы келмеді. ¨to toe the party line – партия курсына сай келу *up to the mark (BrE) (NAmE up to snuff) ойдағыдай, ойластырғандай, көңілдегідей болу (syn: up to scratch) ¨Your work isn't really up to the mark. – Жұмысың онша көңілдегідей болмады. *wide of the mark дәл/тура емес, ауытқыған ¨Their predictions turned out to be wide of the mark. – Болжамдары ауытқып кетті.