market [ˈmɑːkɪt] A.n 1.базар, рынок ¨a fruit/flower/antiques market – жеміс/гүл/ антиквар базары ¨an indoor/a street market – (үсті) жабық базар/ көше базары ¨market stalls/traders – базардағы орындар/ саудагерлер ¨We buy our fruit and vegetables at the market. – Жеміс-жидек пен көктатты базардан аламыз. ¨Thursday is market day. – Бейсенбі – базар күні. ¨a market town – базарлы кент 2.базар, рынок, сауда (жалпы сауда, кәсіп мағынасында; қазіргі кезде «нарық» деп қате қолданып жүр) ¨the world market in coffee – әлемдік кофе рыногы/ саудасы ¨They have increased their share of the market by 10%. – Олар рыноктағы үлесін 10%-ке арттырды. ¨the property/job market – жылжымайтын мүлік/ жұмыс рыногы/ базары/ саудасы ¨They have cornered the market in sportswear. – Олар спорт товарларының басым көпшілігін сатады. ¨the Japanese market – Жапония рыногы/ базары ¨the global/domestic market – әлемдік/ішкі базар/ рынок/ сауда 3. ~ (for smth) базар, рынок (сатып алушылар мағынасында) (syndemand) ¨a growing/declining market for second-hand cars – пайдаланылған машиналарға сұраныс өсіп/азайып жатқан рынок ¨There's not much of a market for black and white televisions nowadays. – Қазіргі кезде ақ-қара телевизорларды алатындар көп емес. 4. (often the ~) базар, рынок (товарлар, қызметтер бәсекесі, тайталасы мағынасында; қазіргі кезде «нарық» деп қате қолданып жүр) ¨The market will decide if the TV station has any future. – Бұл телестанцияның қандай болатынын рынок/ бәсеке шешеді. ¨a market-based/market-driven/market-led economy – базарлы («нарықты») экономика ¨innovative products at the forefront of market trends –саудада алға шыққан инновациялық өнімдер 5. = stock market ¨the futures market – фьючерстер рыногы ¨a market crash – қор биржасының/ рыноктың құлауы 6. (idm) *a buyer’s market «сатып алушының базары» (сатылатын заттардың көптігінен, түрлілігінен, осы себепті арзандығынан сатып алушылар үшін қолайлы жағдай) *in the market for smth бірнәрсе сатып алғысы келген ¨I'm not in the market for a new car at the moment. – Қазіргі кезде жаңа машина сатып алмақ ойым жоқ. *on the market саудада, саудаға шығарған ¨to put your house on the market – үйін сатуға шығару/саудаға қою ¨The house came on the market last year. – Бұл үй өткен жылы саудаға шықты. ¨There are hundreds of different brands on the market. – Саудада заттардың жүздеген түрлері бар. *on the open market ашық саудада (яғни, сатып алуға ешбір шек жоқ) *play the market «базар ойнау», қорларды, акцияларды сату, алу *price yourself/smth out of the market заттарын қымбаттатып, саудасын тұралату *a seller’s market «сатушының базары» (сатылатын заттардың аздығынан, осы себепті қымбаттығынан сатушылар үшін қолайлы жағдай) ¨In a seller’s market, demand exceeds supply, and prices are high. – Сатушының базарында сұраныс ұсыныстан көп, сондықтан баға қымбат. B.v ~ smth (to smb) (as smth) өнімді, товарды рынокта ілгерілету, жарнамалау (syn: promote) ¨It is marketed as a low-alcohol wine. – Бұны алкоголі аз шарап деп жарнамалауда. ¨School meals need to be marketed to children in the same way as other food. – Мектепте балаларға жоғары сапалы тағамдар берілуі керек.