marry [ˈmæri] v (marries, marrying, married, married) 1.үйлену, тұрмыс құру, жеке отау тігу, әйел алу, күйеуге шығу, тұрмысқа шығу, неке қию, некелесу, некелі болу, отасу ¨~ (smb) She married a German. – Ол неміске тиді/тұрмысқа шықты. ¨He was 36 when he married Viv. – Ол Вивке үйленген кезде 36-да еді. ¨He never married. – Ол еш үйленген емес. ¨I guess I'm not the marrying kind. – Үйленетін адамға ұқсамаймын-ау. ¨They married young. – Олар жастай қосылды/ үйленді/ отау тікті. 2. ~ (smb) некесін қию (үйлендіру) ¨They were married by the local priest. – Олардың некесін жергілікті священник қиды. 3. ~ smb (to smb) (ұлын, қызын) үйлендіру 4. ~ smth and/to/with smth (formal) (түрлі нәрселерді) үйлестіру, тоғыстыру, ұштастыру, жалғастыру (syn: unite) ¨The music business marries art and commerce. – Музыка индустриясы/ бизнесі өнер мен коммерцияны тоғыстырады/ ұштастырады. 5. (idm) *marry in haste (, repent at leisure) (saying) асығып үйленемін деп опық жеген, өкінген *marry money «ақшаға үйлену», бай адамға үйлену 6. (phr v) *marry into smth белгілі бір топқа, текке жататын жаққа үйлену, тұрмысқа шығу ¨She married into the aristocracy. – Ол ақсүйек тұқымға тұрмысқа шықты. *marry smb off (to smb) (disapproving) (ұлын не қызын) атастырып үйлендіру *marry smth up (with smth) (түрлі адамдарды я нәрселерді) үйлестіру, тоғыстыру, ұштастыру, жалғастыру