Mass [mæs] n 1. (кейде mass) (католицизмде) месса, литургия (шіркеудегі арнайы рәсім) ¨to go to Mass – мессаға бару ¨a priest celebrating/saying Mass – мессаны атқарып жатқан священник 2. месса, литургия ¨Bach’s Mass in B minor – Бахтың си минор мессасы
mass [mæs] A.n 1. ~ (of smth) нөпір, қорым; түйдек; лек; шоғыр; топыр, қарақұрым, иін тірескен, жыпырлаған, қаптаған (жұрт, нәрсе, тсс) ¨a mass of snow and rocks falling down the mountain – таудан құлап жатқан қар мен тастың нөпірі ¨The hill appeared as a black mass in the distance. – Шоқы алыстан қап-қара қорымдай болып көрінді. ¨The sky was full of dark masses of clouds. – Аспан түйдектелген қарабуырыл бұлтқа толы болды. ¨a mass of blonde hair – қалың ақсары шаш ¨I began sifting through the mass of evidence. – Айғақтар нөпірін сүзе/ сүзгіден өткізе бастадым. ¨I struggled through the mass of people to the exit. – Қарақұрым жұрттың арасымен кимелей шығар жаққа жылжыдым. ¨The page was covered with a mass of figures. – Парақ жыпырлаған сандарға (цифрларға) толы екен. 2. ~es; ~ (of smth) (informal) көптеген, қаптаған, жыпырлаған, құжынаған, қарақұрым (нәрсе, жұрт, тсс) (syn: lots) ¨There were masses of people in the shops yesterday. – Кеше дүкендерде жұрт құжынап жүрді. ¨I've got masses of work to do. Don't give me any more. – Істейтін ісім онсыз да бастан асады. Басқа жұмыс берме. ¨I've eaten masses! – Тыңқия тойдым! 3. the ~es (қалың) бұқара, көпшілік, халық, жұрт ¨government attempts to suppress dissatisfaction among the masses – үкіметтің қалың бұқара/ жұрт арасындағы кіртиісті/ наразылықты сейілтпек әрекеті ¨a TV programme that brings science to the masses – қалың бұқараға ғылымды жеткізетін телепрограмма 4. the ~ (of smth) көпшілік ¨The reforms are unpopular with the mass of teachers and parents. – Реформаларды мұғалімдер мен ата-аналардың көпшілігі жақтырмайды. 5. (technical) салмақ, масса ¨calculating the mass of a planet – планета массасын есептеу ¨a mass of 46.3 kg – 46.3 кг-дық салмақ 6. (idm) *be a mass of бірнәрсеге толы болу, құжынау ¨The rose bushes are a mass of flowers in June. – Маусым айында раушан бұталарын гүл жабады. ¨Her arm was a mass of bruises. – Қолының көгермеген жері қалмапты. B.adj жаппай, тегіс, шетінен, қаптаған, құжынаған, қарақұрым, етек алған, етек жайған, кең жайылған, кең тараған, жайлаған, тсс ¨mass unemployment/ production – жаппай жұмыссыздық/өндіріс (өнім шығару) ¨weapons of mass destruction – жаппай қырып-жою қаруы ¨Their latest product is aimed at the mass market. – Олардың кейінгі (шығарған) өнімі дүйім жұртты/ халықты ниеттейді/ көздейді. C.v жиылу, топырлау, топталу, қаптау, құжынау, ағылу; жию, топтау, шоғырлау, қаптату, тсс ¨Demonstrators had massed outside the embassy. – Елшілік сыртына демонстранттар топталған. ¨Dark clouds massed on the horizon. – Көкжиекте құрасұр бұлттар қоюланды. ¨Their troops were massing for war. – Олардың әскерлері соғысқа жылжып бара жатты. ¨~ smb/smth The general massed his troops for a final attack. – Генерал әскерін ақтық шабуылға топтады.