massage [ˈmæsɑːʒ; məˈsɑːʒ] A.n массаж, (денені) уқалау, сылау, ысқылау ¨Massage will help the pain. – Массаж шаншуды басады. ¨a back massage – арқаны уқалату/ арқа массажы ¨to give somebody a massage – біреудің денесін уқалау/ біреуге массаж жасау ¨massage oils – массаж майлары ¨Once a week I have a sauna and a massage. – Аптасына бір рет саунаға барып, денемді сылатамын/ массаж аламын. ¨The physiotherapist gave me a massage to ease the pain. – Физиотерапевт шаншуды басу үшін маған массаж жасатты/ денемді уқалатты. ¨They managed to revive the injured driver with cardiac massage. – Жаралы жүргізушінің жүрегін уқалап/ массаждап есін жиғызды. B.v 1. ~ smth (адам денесіндегі шаншуды басу не буындарын босаңсыту үшін) уқалау, сылау, массаж жасау, ысқылау ¨He massaged the aching muscles in her feet. – Ол оның табанындағы құрысқан/ шаншыған еттерді уқалады/ ысқылады. ¨(figurative) to massage somebody’s ego – біреудің көңілін көншіту/ көтеру/ көңліне жағатын сөздер айту 2. ~ smth into smth (бірнәрсемен денені, шашты, тсс) сылау, жағу, ысқылау ¨Massage the cream into your skin. – Креммен теріңді сыла/ ысқыла. 3. ~ smth (disapproving) (фактілерді, сандарды, тсс) өзгерту, жасамықтау, «тарап-сылау» ¨The government was accused of massaging the unemployment figures. – Үкіметті жұмыссыздық санын азайта көрсетті деп айыптады.