match [mætʃ] A.n 1.сіріңке, шырпы ¨a box of matches – бір қорап сіріңке ¨to strike a match – сіріңке жағу ¨to put a match to smth – сіріңкемен тұтату/ жандыру ¨If you suspect a gas leak do not strike a match or use electricity. – Газдың шығып жатқанынан сезіктенсең(із) сіріңке жақпа(ңыз) не электр қоспа(ңыз). ¨He took all her letters into the yard and put a match to them. – Ол оның барлық хатын аулаға алып шықты да от қойды/ жақты. 2. (esp BrE) матч, кездесу (екі спорт командасының арасындағы) ¨a football match – футбол матчы ¨a tennis match – теннис матчы ¨They are playing an important match against Liverpool on Saturday. – Олар сенбі күні Ливерпулге қарсы маңызды кездесу өткізеді. ¨to win/lose a match – матчты ұту/ матчта ұтылу 3. a ~ for smb | smb’s ~ теңдес, бірдей, шамалас, сайма-сай, біреуге тең, шақ, лайық, сай келетін адам ¨I was no match for him at tennis. – Теннисте оған шақ келмедім. ¨I was his match at tennis. – Теннисте (ол екеуміз) бірдей/ сайма-сай екенбіз. 4.жарасатын, үйлесетін, сай, сәйкес келетін, қабысатын адам/ нәрсе ¨The curtains and carpet are a good match. – Перделер мен кілем өзара жақсы үйлесіп/ сәйкестеніп/ жарасып тұр. ¨Jo and Ian are a perfect match for each other. – Джо мен Йанның екеуі бір-біріне сай/ екеуі мінсіз жұп. 5.ұқсас, айнымас, бірдей, тең, дәлме-дәл, қабысатын нәрсе ¨I've found a vase that is an exact match of the one I broke. – Бұрын сындырып алған вазамнан айнымайтын ваза таптым. ¨This paint is a close enough colour match to the original. – Бұл бояудың/ сырдың түсі бастапқыдағысына өте ұқсайды. 6. (old-fashioned) неке; сыңар; үйленген қосақ, жұп, ерлі-зайыпты, жарлар, екі жар ¨He was determined that his daughter should make a good match. – Ол қызының өзіне лайық(ты) жар/ сыңар тапқанын қалады. They are a perfect match. – Олар - мінсіз қосақ/ жұп. 7. (idm) *find/ meet your match (in smb) өзімен теңдес, шамалас, сайма-сай, бірдей, өзіне лайық(ты) адам кезіктіру ¨He thought he could beat anyone at chess but he’s met his match in Peter. – Ол шахматтан кімді де болса жеңемін деп ойлағанымен, Питер сияқты сайма-сай қарсылас кезіктірді. *the man of the match [қ-з: man (A14)] B.v 1. ~ (smth) сай, сәйкес келу/ болу, үйлесу, кірігу, қабысу, қиысу ¨The doors were painted blue to match the walls. – Қабырғамен үйлесу үшін есіктерді көк түске бояды. ¨a scarf with gloves to match – шарфқа сәйкес келетін қолғап ¨None of these glasses match. – Мына стакандардың ешқайсысы бір-бірімен сәйкес келмейді. 2. ~ (smth) бірдей болу, айнымау, дөп/ дәл/ сәйкес/сай келу, өте ұқсау, сайма-сай болу, лайық(ты) болу ¨Her fingerprints match those found at the scene of the crime. – Оның саусақ іздері қылмыс орнында табылғандармен сәйкес келеді. ¨As a couple they are not very well matched. – Ерлі-зайыпты/ Қосақ ретінде олар бір-біріне онша сай/ лайық емес. ¨The dark clouds matched her mood. – Қарасұр бұлттар оның көңіл күйіндей еді. ¨The two sets of figures don't match. – Фигуралардың екі жиынтығы бір-біріне сәйкес емес. 3. ~ smb/smth (to/with smb/smth) сыңар болу, сай/ сәйкес келу/болу ¨The aim of the competition is to match the quote to the person who said it. – Сайыстың мақсаты – сөздің иесін табу. 4. ~ smb/smth сондай болу, тең/тура болу/келу, теңесу, сай/ сәйкес/ сайма-сай/ лайық болу (syn: equal) ¨The profits made in the first year have never been matched. – Алғашқы жылғы табыс деңгейіне кейін еш қол жетпеді. ¨Her anger was only matched by her frustration. – Ашуы қанда болса, реніші де сондай болды. ¨The teams were evenly matched. – Командалар сайма-сай/ бір-біріне лайық екен. 5. ~ smth теңесу, тең/ сай болу ¨The company was unable to match his current salary. – Компания оған қазіргісіндей жалақы төлей алмады. ¨They have reduced all their stock by 10% to match competitors’ prices. – Бәсекелестердің бағасына теңесу үшін олар барлық қорларын 10%-ке азайтты. 6. ~ smth лайықты болу, сай келу ¨Investment in hospitals is needed now to match the future needs of the country. – Емханаларға ақша құю елдің келешектегі мұқтаждықтарына сай келу үшін қажет. 7. (idm) *mix and match араластыру, қосу, түрліше ойластыру ¨You can mix and match courses to suit your requirements. – Өз қажетіңше курстарды араластырсаң болады. 8. (phr v) *match smth against smth салыстыру, салғастыру, беттестіру ¨New information is matched against existing data in the computer. – Жаңа деректі компьютерде бар мәліметпен салыстырады. *match smb/smth against/with smb/smth сайыста біреуді/бірн-ні біреумен/ бірн-мен кездестіру, сайыстыру ¨We are matched against last year's champions in the first round. – Бірінші айналымдағы қарсыласымыз өткен жылғы чемпиондар болатын болды. *match up (to smb/smth) бірдей, теңдес, сай, сайма-сай болу (synmeasure up (to smth/smb)) ¨The trip failed to match up to her expectations. – Сапар оның ойындағыдай болмады. ¨Anyone who doesn’t match up is soon fired. – Ойдағыдай жұмыс істемеген кез-келген адам жұмыстан шығады. *match up (with smth) айнымау, ұқсау, қиысу, қабысу (syntallyagree) ¨The suspects' stories just don't match up. – Күдіктілердің айтқандары бір-бірімен қабыспайды/ қиыспайды *match smth up (with smth) бір-біріне қатысы бар нәрселерді топтастыру, жинақтау, түйістіру, қосақтау, қиыстыру ¨She spent the morning matching up orders with invoices. – Ол таңғы уақытты заказдар мен оған қатысты инвойстарды топтастырумен өткізді.