matter [ˈmætә(r)] A.n 1.мәселе, іс, сұрақ, шаруа (syn: affair) ¨It's a private matter. – Бұл – жеке іс/ мәселе. ¨They had important matters to discuss. – Олардың талқылайтын маңызды шаруалары/ істері болды. ¨She may need your help with some business matters. – Бір бизнеске қатысты шаруалар бойынша оған сенің көмегіңнің қажет болуы мүмкін/ болып қалар. ¨I always consulted him on matters of policy. – Жоспарға қатысты істерде мен ылғи да онымен кеңесетінмін. ¨It's a matter for the police. – Бұл - полиция айналысатын іс. ¨That's a matter for you to take up with your boss. – Бұл - бастығыңмен талқылайтын шаруаң(ыз). ¨Let's get on with the matter in hand. – Мына/ Осы мәселеге кіріселік. ¨I wasn't prepared to let the matter drop. – Бұл істі доғармақ ойым жоқ еді. ¨It was no easy matter getting him to change his mind. – Оның ойын өзгерту оңай іс болған жоқ. ¨It should have been a simple matter to check. – Тексере салуға болар еді. ¨(ironic) And then there's the little matter of the fifty pounds you owe me. – Маған бір елу фунт қарыз болып қалғаның бар еді. ¨(formal) It was a matter of some concern to most of those present. – Бұл сондағылардың көбін біраз толғандырып жүрген мәселе еді. ¨I did not feel that we had got to the heart of the matter. – Біз мәселенің өзегіне жеттік деп ойламадым. ¨And that is the crux of the matter. – Мәселенің түйіні сол. 2. ~s жағдай, ахуал, хал (syn: things) ¨Unfortunately, there is nothing we can do to improve matters. – Өкінішке орай, жағдайды жақсартар қауқарымыз жоқ. ¨I'd forgotten the keys, which didn't help matters. – Кілттерді ұмытып, халымыз мүшкіл болды. ¨Matters were made worse by a fire in the warehouse. – Қоймадағы өрт жағдайды асқыныдырып/ қиындатып жіберді. ¨And then, to make matters worse, his parents turned up. – Содан соң, оның ата-анасы келе қалып, іс одан әрі ушықты. ¨I decided to take matters into my own hands. – Жағдайды өз қолыма алуды ұйғардым. ¨Matters came to a head with his resignation. – Ол қызметінен кетіп, жағдай қиындап кетті. 3. the ~ не болды? нендей мәселе/ жағдай? дег мағ ¨What's the matter? – Не болды/ болып қалды? ¨Is there something wrong? – Бірдеңе болды ма? ¨Is anything the matter? – Нендей мәселе бар? ¨~ with smb/smth Is something the matter with Bob? He seems very down. – Бобқа бірдеңе болған ба? Пәс қой. ¨There's something the matter with my eyes. – Көзіме бірдеңе болған сияқты. ¨‘We've bought a new TV.’ ‘What was the matter with the old one?’ – «Жаңа телевизор алдық». «Ескісіне не болған?» ¨What's the matter with you today? – Бүгін саған не болған? ¨What on earth was the matter with her, she wondered. She’d come here to enjoy herself and here she was, stuck on her own in the hotel. – Оған не болды екен, деп ол ойлады. Бұл жаққа бой жазып, көңіл көтеруге келіп еді, енді міне қонақ үйден шықпай қалды. 4. іс, шаруа, жағдай, сұрақ (syn:question) ¨Learning to drive is all a matter of coordination. – Машина айдап үйрену өз қимылдарын үйлестіре алу деген сөз. ¨Planning a project is just a matter of working out the right order to do things in. – Жобаны түзу деген істің дұрыс ретін табу деген сөз. ¨That's not a problem. It's simply a matter of letting people know in time. – Бұл қиын емес. Кісілер уақтылы хабардар болса болды. ¨Some people prefer the older version to the new one. It's a matter of taste. – Кейбір адамдар жаңасынан гөрі көнесін ұнатады. Бұл - талғамға қатысты іс. ¨She resigned over a matter of principle. – Ол принципті мәселе бойынша қызметінен кетті. ¨The government must deal with this as a matter of urgency. – Үкімет бұнымен шұғыл шаруа ретінде айналысуы керек. ¨Just as a matter of interest, how much did you pay for it? – Әшейін білгім келеді, бұл үшін қанша төледің(із)? ¨‘I think this is the best so far.’ ‘Well, that's a matter of opinion’. – «Меніңше, әзірше ең жақсысы осы». «Әр адамның өз пікірі бар». 5. (physics) дене ¨to study the properties of matter – дененің қасиеттерін зерттеу 6. (formal) нәрсе, зат ¨Add plenty of organic matter to improve the soil. – Топырақтың құнарын арттыру үшін көптеп органикалық нәрсе қос. ¨elimination of waste matter from the body – денеден сұйық заттарды шығару ¨She didn't approve of their choice of reading matter. – Ол олардың оқитын нәрселерін құптамады. 7. (idm) *as a matter of fact шындығында, расында, негізі, шынын айтқанда (syn: actually) ¨It's a nice place. We've stayed there ourselves, as a matter of fact. – Бұл - жақсы жер. Өзіміз де осында болғанбыз, негізі. ¨‘I suppose you'll be leaving soon, then?’ ‘No, as a matter of fact I'll be staying for another two years.’ – «Кетейін деп жатырсың-ау деймін?» «Жоқ, шынын айтсам, тағы екі жылға қалмақпын». *be another/a different matter басқа шаруа/ мәселе/ әңгіме ¨I know which area they live in, but whether I can find their house is a different matter. – Олардың қай ауданда тұратынын білемін, алайда үйлерін таба алар-алмасым - басқа әңгіме. *be no laughing matter қалжыңдайтын/ күлетін іс емес *the fact (of the matter) is (that)… сайып келгенде, іс жүзінде, қалай дегенмен де ¨A new car would be wonderful but the fact of the matter is that we can't afford one. – Жаңа машина тамаша болар еді, алайда, іс жүзінде/ сайып келгенде, оған шамамыз жоқ. *for that matter шындығында, шынында, расында ¨I didn't like it much. Nor did the kids, for that matter. – Бұны онша ұнатпадым. Шынын айтса, балалар да ұнампады. *it’s just/only a matter of time (before…) әйтеуір бір, пәлен(ше) уақыттан соң әйтеуір болады ¨It's only a matter of time before they bring out their own version of the software. – Олар бұл компьютерлік программаның өз версиясын/ нұсқасын әйтеуір бір шығарады. *(as) a matter of course әдетте, дағдылы ¨We always check people's addresses as a matter of course. – Әдетте, кісілердің адрестерін тексеріп отырамыз. *a matter of hours, minutes, etc., a matter of inches, metres, etc. бірнеше сағат, минут қана, бірнеше дюйм, метр ғана ¨It was all over in a matter of minutes. – Бұл бірнеше минутта ғана бітті. ¨The bullet missed her by a matter of inches. – Оқ одан сәл ғана қиыс кетіпті. *a matter of life and death «өмір мен өлім мәселесі», өмір мен өлім арпалысқан шақ, жанталасқан/ жанұшырған кез, сын сағат ¨The delay in the arrival of the ambulance could be a matter of life and death. – Жедел жәрдемнің кешігуі өмір мен өлім таразыға түскен уақыт болуы мүмкін. *a matter of record (formal) тіркелген, кезіккен, ұшырасқан мәселе/іс *no matter ештеңе жоқ/ етпейді, оқасы жоқ, алаңдайтын шаруа емес ¨‘I’m afraid I forgot to bring a towel.’ ‘No matter, I’ve got one you can borrow.’ – «Орамал әкелуді ұмытып кеттім-ау деймін». «Ештеңе етпейді/ жоқ, менде артық біреуі бар». *no matter who, what, where, etc. қайтсе де, қайткенде де, не болса да, не де болса ¨They don't last long no matter how careful you are. – Қанша мұқият болсаң да, олар ұзақ(қа) шыдамайды. ¨Call me when you get there, no matter what the time is. – Ол жерге жеткенде уақыт қанша болса да маған телефон шал. B.v маңызды болу, елерліктей болу, әсер ету, шаруасы болу, тсс ¨~ (to smb) The children matter more to her than anything else in the world. – Бұл дүниеде оған балалардан артық ешнәрсе жоқ. ¨‘What did you say?’ ‘Oh, it doesn't matter’. – «Не дедің?» «Жай, әншейін». ¨‘I'm afraid I forgot that book again.’ ‘It doesn't matter.’ – «О кітапты тағы да ұмытып кеттім-ау деймін». «Жә, бопты енді». ¨What does it matter if I spent $100 on it - it's my money! – Осы үшін $100 жұмсасам не бо(лы)пты – өз ақшам ғой! ¨As long as you're happy, that's all that matters. – Өзің риза болсаң болды да – ең бастысы/ маңыздысы осы. ¨After his death, nothing seemed to matter any more. – Оның өлімінен соң бұл дүниеде елерлік бір нәрсе де қалмағандай көрінді. ¨He's been in prison, you know - not that it matters. – Оның түрмеде отырғаны белгілі – бірақ мейлі, не болмайды дейсің. ¨~ (to smb) who, what, etc… Does it really matter who did it? – Бұны кімнің істегені шынымен де маңызды ма? ¨It doesn't matter to me what you do. – Не істесең де менің шаруам жоқ. ¨~ (to smb) that… It didn't matter that the weather was bad. – Ауа райының нашарлығы әсер ете қоймады.