May [meɪ] n мамыр (айы, бұрынғыша – май)
may [meɪ] A.modal verb 1.мүмкін, (солай) шығар, сияқты, болар, -ау, -ақ ¨That may or may not be true. – Оның шын да, жалған да болуы мүмкін./ Бұл шын да, өтірік те болар. ¨He may have missed his train. – Ол пойыздан қалып қалған шығар/ қалған-ау. ¨They may well win. – Олардың жеңуі әбден мүмкін. ¨There is a range of programs on the market which may be described as design aids. – Базарда жобалауға/ кескіндеуге жәрдемші деуге болатын бірқатар программа бар. ¨He may be a good father but he's a terrible husband. – Жақсы әке-ақ шығар/ Жақсы әке шығар-ақ, бірақ сұмдық күйеу. 2. (formal) рұхсат сұрағанда не бергенде қолд ¨May I come in? – Кірсем бола ма?/ Кірейін бе? ¨You may come in if you wish. – Қаласаң(ыз), кірсең(із) болады./ Кіргің(із) келсе, кір(іңіз). 3. (formal) сыпайы сөйлегенде, сұрағанда қолд ¨You look lovely, if I may say so. – Көркем болып тұрғаныңызды айтқым келіп еді. ¨May I ask why you took that decision? – Неге сөйтіп шешкенің(із)ді сұрасам бола(ды) ма? ¨If I may just add one thing… - Рұхсат болса, бір нәрсе қосайын деп едім... 4. (formal) тілек, үміт білдіргенде қолд ¨May she rest in peace. – Жаны пейіште бөленсін. ¨Business has been thriving in the past year. Long may it continue to do so. – Өткен жылы бизнес өркендеп жатты. Осылай ұзағынан болсын. 5. (formal) сөйте, бүйте алады дег мағ ¨There is a need for more resources so that all children may have a decent education. – Қосымша қаражат қажет, сонда барлық балалар дұрыстап оқи алатын болады. 6. (idm) *be that as it may (formal) сөйткенімен, сонда да, сөйтсе де (syn: nevertheless) ¨I know that he has tried hard; be that as it may, his work is just not good enough. – Менің оның барынша тырысқанын білемін; дегенмен де, жұмысы талапқа сай емес. B.n долананың ақ не қызыл гүлі