mayhem [ˈmeɪhem] n астаң-кестеңдік, аласапыран, сапырылыс, алашапқындық, дүрбелең, дүрлігіс ¨There was absolute mayhem when everyone tried to get out at once. – Бәрі де бір мезетте шығайық деп ұмытылғанда аласапыран болып кетті. ¨It only takes a few stupid people to create mayhem in a crowd. – Бірнеше есалаң адамның өзі топты дүрліктіре алады. ¨The gales caused mayhem across much of the country. – Дауылдар елдің астаң-кестеңін шығарып кетті/ астаң-кестең етіп кетті. ¨The terrorists brought mayhem to the crowded shopping area. – Террористер сауда орталығын аласапыран етті. ¨For some children, the first fall of snow is an opportunity to create mayhem. – Кейбір балалар үшін алғашқы жауған қар – асыр салып ойнау мүмкіндігі.