maze [meɪz] n 1. (парктегі, бақтағы арнайы жасалған) лабиринт, шытырман (жолдар), ирелең ¨We got lost in the maze. – Лабиринтте адасып кеттік. ¨ (figurative) The building is a maze of corridors. – Ғимарат бұлың-бұлың коридорға толы. ¨The old city is a delightful maze for the modern tourist. – Көне қалада қазіргі заманғы турист үшін таң-тамаша көп. 2.күрделі, шытырман ережелер, нұсқаулар ¨Many applicants for the grant are put off by the maze of regulations and conditions. – Көптеген үміткерлерді/ өтініш берушілерді шытырман ережелер мен шарттар үркітеді. ¨a maze of regulations – шытырман ережелер 3. (NAmE) «шытырман-пазл» (қағазға салынған ойын)