mean [miːn] A.v 1. (мағынасын) білдіру, аңлату, аңдату, аңғарту, ұқтыру ¨~ smth What does this sentence mean? – Мына сөйлем не мағына білдіреді? ¨What is meant by ‘batch processing’? – «Топтап реттеу» деген нені білдіреді? ¨~ smth to smb Does the name ‘Jos Vos’ mean anything to you? – «Джон Вос» деген есім саған/ сізге таныс па? ¨~ (that)… The flashing light means (that) you must stop. – Жарқылдаған жарық «тоқта» дегенді білдіреді. 2.айтпақ болып ниеттену, айтқысы келу ¨~ smth What did he mean by that remark? – Оның онысы не дегені?/ Ол сөзімен ол не айтпақ?/ айтқысы келді? ¨‘Perhaps we should try another approach.’ ‘What do you mean?’ – «Басқа қырынан (әрекет етіп) көруіміз керек шығар». «Не айтқаң келеді?/ Не ойлап тұрсың?» ¨What do you mean, you thought I wouldn't mind? – Мені көне салады деп ойлап па едің? ¨What she means is that there's no point in waiting here. – Оның айтайын дегені/ айтпақ ойы – бұл жерде күтудің еш қажеті жоқ. ¨I always found him a little strange, if you know what I mean. – Маған ол ылғи да оғаштау көрінеді – не айтқым келгенін аңдайтын шығарсың. ¨I know what you mean. I hated learning to drive too. – Сені жақсы түсінемін. Машина айдап үйренгенді суқаным сүймейтін. ¨(informal) It was like - weird. Know what I mean? – Тегі біртүрлі екен. Сөзімді түсінетін шығарсың? ¨I see what you mean, but I still think it's worth trying. – Сені түсінгеніммен, тағы бір талпынып көрген дұрыс сияқты. ¨See what I mean ? She never agrees to anything I suggest. – Байқайсың ба? Ол не айтсам да келіспейді. ¨‘But Pete doesn't know we're here!’ ‘That's what I mean!’ – «Бірақ Пит біздің осында екенімізді білмейді ғой?» «Бағанадан бері айтып жатқаным осы ғой!» ¨Do you mean Ann Smith or Mary Smith? – Айтып тұрғаның Әнн Смит пе, жоқ Мәри Смит пе? ¨~ (that)… Did he mean (that) he was dissatisfied with our service? – Ол қызметіміздің ұнамағанын айтпақ болды ма? ¨You mean we have to start all over again? – Бәрін қайтадан бастауымыз керек дейсің бе? 3.ниеттену, істегісі келу; арналу; қажет, керек болу; аңғартқысы, білдіргісі келу; білдіру, аңғарту (syn: intend) ¨~ smth What did she mean by leaving so early? – Оның соншама ерте кеткені несі? ¨Don't laugh! I mean it. – Күлме! Шын айтамын. ¨He means trouble. – Ол жүрген жерін шуылдатып жүреді. ¨~ smth as smth Don't be upset - I'm sure she meant it as a compliment. – Кейіме – оның бұны мақтау ретінде айтқанына шүбәм жоқ. ¨~ what… He means what he says. – Ол шынымен солай деп тұр/ Ол шын айтып тұр. ¨~ smth for smb/smth The chair was clearly meant for a child. – Бұл орындық шынымен балаға арналған. ¨Don't be angry. I'm sure she meant it for the best. – Ашуланба. Оның жәрдемдескісі келгеніне күмәнім жоқ. ¨~ to do smth She means to succeed. – Оның табысқа жеткісі келеді. ¨I'm sorry I hurt you. I didn't mean to. – Сенің үстіңді ауыртқаныма ғафу өтінемін. Әдейі істемедім. ¨I'm feeling very guilty - I've been meaning to call my parents for days, but still haven't got around to it. – Өзімді кінәлі сезінемін – ата-анама телефон шалайын деп едім, әлі қолым тимеді. ¨~ smb/smth to do smth I didn't mean you to read the letter. – Хатты саған көрсеткім келмеп еді. ¨You're meant to pay before you go in. – Кетпес бұрын төлеуің керек. ¨~ (that)… (formal) I never meant (that) you should come alone. – Сен жалғыз келсін деген менде ой жоқ болатын. 4. біреуден бірдеңе шығарғысы/ жасағысы келу, біреудің білгілі бір маман, тсс болғанын қалау; бірнәрсе үшін жаратылу, бірнәрсеге лайық болу ¨~ smb for smth / smb I was never meant for the army. – Әскер үшін жаралмаған едім. ¨Duncan and Makiko were meant for each other. – Дункан мен Макико бір-бірі үшін жаралған. ¨~ smb / smth to be smth His father meant him to be an engineer. – Әкесі оның инженер болғанын қалады/ Әкесінің оны инженер жасағысы келді. ¨She did everything to get the two of them together, but I guess it just wasn't meant to be. – Ол екеуін жолықтыру үшін бәрін салды, алайда тағдыр бұлай жазбады-ау деймін. 5. нәтижесін, салдарын білдіру, аңғарту, болжамды білдіру (syn: entail) ¨~ smth Spending too much now will mean a shortage of cash next year. – Биыл көп қаражат жұмсаса, келесі жылы ақша аз болмақ. ¨~ to be/do smth Do you have any idea what it means to be poor? – Кедейліктің не екенінен хабарың бар ма? ¨~ (that)… We’ll have to be careful with money but that doesn’t mean (that) we can’t enjoy ourselves. – Ақшаны байқап ұстауымыз керек, алайда бұл көңіл көтеруімізге болмайды деген сөз емес. ¨~ doing smth This new order will mean working overtime. – Бұл жаңа бұйрық артық жұмыс істеу керектігін аңғартады. ¨~ smb/ smth doing smth The injury could mean him missing next week's game. – Жарақаттан оның келесі аптадағы ойынды жіберіп алуы мүмкін. 6. ~ smth to smb біреу үшін бағалы, маңызды болу, мәні жоғары болу ¨Your friendship means a great deal to me. – Маған деген достығыңның мәні мен үшін зор. ¨$20 means a lot when you live on $100 a week. – Аптасына $100-ға күнелтсең, $20 деген көп нәрсені білдіреді. ¨Money means nothing to him. – Ол үшін ақшаның маңызы жоқ. ¨Her children mean the world to her. – Оның жаны да, тәні де - балалары. 7. (idm) *be meant to be smth бірнәрсе ретінде қарастырылу, танылу, бағалану ¨This restaurant is meant to be excellent. – Бұл ресторанды тамаша дейді. *I mean (informal) дәлірек айтқанда, яғни, айтайын дегенім, тсс ¨It was so boring - I mean, nothing happened for the first hour! – Өте зеріктірді – дәлірек айтқанда, алғашқы сағатта ештеңе болмады! ¨She's English - Scottish, I mean. – Ол ағылшын – дәлірек айтқанда, шотландиялық. *mean business (informal) іскер, айтқанында тұратын, тыңғылықты ¨He has the look of a man who means business. – Ол сырт көзге іскер көрінеді. *mean (smb) no harm, not mean (smb) any harm біреуге жамандық тілемеу, ойламау, теріс пиғылы болмау *mean to say айтайын деп едім, деп айтқың келе ме?, тсс ¨I mean to say, you should have known how he would react! – Айтайын дегенім, оның қалай жауап қататынын (алдын-ала) білуің керек еді. ¨Do you mean to say you've lost it? – Оны жоғалтып алдым деп айтқың келе(ді) ме? *mean well (usually disapproving) пейілі/ ниеті оң/ дұрыс болу B.adj 1. (meaner, meanest) сараң, қызғаншақ, ақшасын, затын аяғыш (BrE) (NAmE cheap) (opp: generous) ¨She's always been mean with money. – Оның қашан да қолы ашық емес еді. 2. ~ (to smb) қатал, қытымыр, безбүйрек, қатты; мейірімсіз ¨Don't be so mean to your little brother! – Ініңе соншама безбүйрек/ қатты болма! ¨It’s a mean trick to play on someone. – Бүйтіп біреуді келекелеу – мейірімсіздік. ¨That's a mean-looking dog. – Ана иттің ұсқыны/қарасы жаман ғой. 3. (informal, esp NAmE) епті, шебер ¨He's a mean tennis player. – Ол - мықты теннисші. ¨She plays a mean game of chess. – Ол шахматты жап-жақсы ойнайды. 4. (technical) орташа, орта ¨the mean temperature – орташа температура 5. (formal) (кісінің түсінігі, қабілеті ж) ортаңғол, орташа ¨This should be clear even to the meanest intelligence. – Бұл/Бұның ақымаққа да түсінікті болуы керек. 6. (literary) нашар, азып-тозған ¨mean houses/streets – азып-тозған үйлер/көшелер 7. (old-fashioned) төменгі (әлеуметтік) тапқа жататын, шыққан тегі кедей, жоқ ортадан шыққан ¨These rights apply even to the meanest labourer. – Бұл хақтарға/ праволарға тіпті қара жұмысшы да/ жұмысшының өзі де ие. 8. (idm) *be no mean… (approving) жап-жақсы, тәп-тәуір ¨His mother was a painter, and he's no mean artist himself. – Оның анасы суретші болған, өзі де жап-жақсы суретші. C.n 1. ~ (between A and B) орта, орташа, аражік, жік, шекара ¨He needed to find a mean between frankness and rudeness. – Оған ашықтық (ақниеттік) пен дөрекіліктің аражігін табу керек болды. ¨It’s a case of finding the mean between firmness and compassion. – Бұл қаттылық пен мейірімнің аражігін табатын мәселе еді. 2. (also arithmetic mean) (mathematics) орта(ша) сан 3. (idm) *the happy/golden mean (approving) «бақытты/ алтын орта (жол)», шектен шықпаушылық, бұра тартпау(шылық)