measure [ˈmeʒə(r)] A.v 1.өлшеу, мөлшерлеу ¨~ smth (in smth) A ship's speed is measured in knots. – Кеменің жылдамдығын узелмен/ «түйінмен» (1852 м) өлшейді. ¨a device that measures the level of radiation in the atmosphere – атмосферадағы радиация мөлшерін өлшейтін құрал ¨measuring equipment/ instruments – өлшейтін құрылғы/ құралдар ¨~ smb/ smth for smth He's gone to be measured for a new suit. – Ол тігілетін жаңа костюмін өлшетуге барды. ¨~ how much, how long, etc… A dipstick is used to measure how much oil is left in an engine. – Діпстік - мотор майының мөлшерін өлшеу үшін қажет. 2. linking verb өлшемі пәлендей болу ¨The main bedroom measures 12ft by 15ft. – Бас ұйқы бөлмесінің көлемі 12х15 фут. ¨The pond measures about 2 metres across. – Тоған көлденеңінен шамамен 2 метр. 3. ~ smth | ~ how, what, etc… маңызын, құнын не әсерін шамалау, бағалау, ойша таразылау, мөлшерлеу (syn: assess) ¨It is difficult to measure the success of the campaign at this stage. – Науқанның қазіргі кездегі қол жеткізген нәтижелерін шамалау/ мөлшерлеу қиын. ¨Regular tests are used to measure students' progress. – Ұдайы сынақтар студенттің/ оқушының үлгерімін бағалау/ білу үшін керек. 4. (idm) *measure smb/smth against smb/smth біреуді/бірн-ні басқасымен салыстыру, салғастыру ¨The figures are not very good when measured against those of our competitors. – Көрсеткіштерді/ Сандарды бәсекелестеріміздікімен салыстырғанда онша жақсы/ көңілдегідей емес. ¨a series of tasks that measure candidates against each other – кандидаттардың шамаларын таразыға салатын сынақтар тізбегі *measure smth out қажетті мөлшерде/ мөлшерді алу ¨He measured out a cup of milk and added it to the mixture. – Ол бір тостаған/ құты сүтті алды да шыламаға құйды. ¨Measure out 100 grams of flour. – 100 грамм ұн ал. *measure up | measure smb/smth up біреуді/ бірн-ні өлшеу, мөлшерлеу ¨We spent the morning measuring up and deciding where the furniture would go. – Таңғы кезде өлшеумен және жиһазды қайда қоятынымызды анықтаумен болдық. *measure up (to smth/smb) ойдағыдай, күткендегідей болу, тілегіне, қажетіне сай болу (syn: match up (to smb/smth)) ¨We’ll give you a week’s trial in the job to see how you measure up. – Сенің шамаңды бағалау үшін сені бір жеті сынақтан өткіземіз. ¨The job failed to measure up to her expectations. – Жұмыс оның ойлағанындай болмады. ¨How will the Secretary General measure up to his new responsibilities? – Жаңа бас хатшы өзінің міндеттеріне сай келе(ді) ме екен? B.n 1.шара (ресми іс-әрекет) ¨safety/security/ austerity measures – сақтық/ қауіпсіздік/ қатаңдық шаралары ¨a temporary/an emergency measure – уақытша/ төтенше шара ¨~ (to do smth) We must take preventive measures to reduce crime in the area. – Аудандағы қылмысты азайту үшін алдын алатын шаралар қолдануымыз керек. ¨The government is introducing tougher measures to combat crime. – Үкімет қылмыспен күресу үшін қатаң шараларға баруда/ шаралар енгізуде. ¨measures against racism – нәсілшілдікке қарсы шаралар ¨Police in riot gear were in attendance as a precautionary measure. – Сақтық шарасы ретінде (ол жерде) арнайы киімдегі полиция болды. 2.өлшем бірлігі, өлшем, мөлшер ¨weights and measures – салмақ және өлшем бірліктері ¨The Richter Scale is a measure of ground motion. – Рихтер шкаласы – жер(дің) сілкінісін өлшейтін бірлік/ сілкінісінің өлшем бірлігі. ¨liquid/dry measure – сұйықтық/ құрғақ заттар өлшем бірліктері ¨Which measure of weight do pharmacists use? – Фармацевтер қандай өлшем бірліктерін қолданады? 3. (арақ-шарап ж) мөлшер¨a generous measure of whisky – мол құйылған виски 4.мөлшер, деңгей, ауқым, көлем (syn: degree) ¨A measure of technical knowledge is desirable in this job. – Мына жұмыста біршама техникалық білім керек. ¨She achieved some measure of success with her first book. – Өзінің алғашқы кітабы біршама табысты болды. 5. кез-келген өлшеуіш құрал (м.: метр, сұйықтық деңгейін өлшейтін істік, таспа-метр, шкалалы ыдыс, тсс) 6.белгі, нышан ¨Sending flowers is a measure of how much you care. – Гүл жолдау – қаншалықты құрмет тұтатынның белгісі. 7.өлшем, өлшеу(шілік), шамалау, тексеру ¨an accurate measure of ability – қабілеттің дәл өлшемі ¨Is this test a good measure of reading comprehension? – Мына сынақ оқып түсінуді жақсы тексере ала ма? 8. (NAmE) жазбаша ұсыныс, кеңес (заң шығарушылардың) ¨a motion to refer the measure to another committee – заң жобасын басқа комитетке беру туралы ұсыныс ¨a ballot measure – заң жобасы бойынша референдум 9. (BrE usually bar) (музыкалық нотадағы) такт, такт сызбасы, кестесі 10. (idm) *beyond measure (formal) өте, аса ¨He irritated me beyond measure. – Ол өте жынымды келтірді. *for good measure қосымша, үстеме, еселеме ¨Use 50g of rice per person and an extra spoonful for good measure. – Әр кісі үшін 50 грамм күріш жарат, қосымша бір қасық қос. ¨‘I’m no good at puzzles. I can’t even do crosswords,’ she added for good measure. – «Пазлды онша шеше алмаймын. Кросвордтың өзіне де осалмын», деп сөзін сабақтады. *full/ short measure толығымен/ қысқаша ¨We experienced the full measure of their hospitality. – Олардың қонақжайлығына қанық болдық. ¨The concert only lasted an hour, so we felt we were getting short measure. – Концерт бір ғана сағат жалғасты, сөйтіп құлақ құрышымыз онша қанбады. * get/take/have the measure of smb, get/have/take smb’s measure (formal) біреудің қандай екеніне көзі жету, біреуды жақыннан тану ¨After only one game, the chess champion had the measure of his young opponent. – Бір ойыннан соң-ақ шахмат чемпионы өзінің жас қарсыласының шамасын бағамдады. *in full measure (formal) барынша, мүмкін болғанынша ¨My expectations had been met in full measure. – Ойлағаным/ Күткенім толықтай болды. *in large part, in large measure (formal) негізі, негізінен, көбінесе, жалпы, көп жағдайда ¨Their success is due in large part to their determination. – Жетістіктері көбінесе өздерінің табандылығына бола мүмкін болуда. *in no small measure, in some, equal, etc. measure (formal) көп жағдайда, негізінен, көбінесе, анағұрлым; біршама, кәдімгідей ¨The introduction of a new tax accounted in no small measure for the downfall of the government. – Үкіметтің құлауына негізінен жаңа салықты енгізу себеп болды. ¨Our thanks are due in equal measure to every member of the team. – Команданың әрбір мүшесіне/ қай мүшесіне де рахметімізді айтамыз. *made to measure (BrE) заказбен/ тапсырыспен істелген/ жасалған (syn: bespoke) ¨You'll need to get a suit made to measure. – Арнайы заказбен костюм тіктіруің(із) керек болады. ¨I’m having the curtains made to measure. – Перделерді заказбен тіктірудемін. ¨a made-to-measure suit – заказбен тігілген костюм