meet [mi:t] A.v (met, met [met]) 1.кездесу, жолығ(ыс)у, жүздесу, ұшырасу; жиналу ¨Maybe we'll meet again some time. – Кейінірек бір кездесерміз/ жолығармыз. ¨~ smb Did you meet anyone in town? – Қалада ешкімді жолықтырмадың(ыз) ба/ кездестірмедің(із) бе? ¨The committee meets on Fridays. – Комитет жұма күндері жиналады/ жиналыс өткізеді. ¨~ smb The Prime Minister met other European leaders for talks. – Премьер-министр Европаның басқа жетекшілерімен жолықты/ кездесулер өткізді. ¨~ with smb The President met with senior White House aides. – Президент Ақ үйдегі аға көмекшілерімен кездесті/ жүздесті. ¨~ (for smth) Let's meet for a drink after work. – Жұмыстан соң жолығып, бір жерге барып ішелік. ¨~ smb (for smth) We're meeting them outside the theatre at 7. – Олармен театрдың қасында сағат 7-де жолығамыз. 2. ~ smb/smth қарсы алу ¨Will you meet me at the airport? – Аэропортта/ Әуежайда қарсы аласың(ыз) ба? ¨The hotel bus meets all incoming flights. – Қонақ үй автобусы келетін рейстердің бәрін қарсы алады. ¨I met him off the plane. – Оны ұшақты қасында қарсы алдым. 3. ~ (smb) танысу, (алғаш) жолығу, ұшырасу, кездесу ¨Where did you first meet your husband? – Алғаш рет күйеуіңізді қайда жолықтырдыңыз? ¨(especially BrE) Pleased to meet you. – Танысқаныма қуаныштымын. ¨(NAmE) Nice meeting you. – Танысқаныма қуаныштымын. ¨There's someone I want you to meet. – Сені/ Сізді бір кісімен таныстырғым келеді. ¨I don't think we've met. – Бұрын бір-бірімізбен жолықпаған шығармыз. 4. (сайыста қарсылас ретінде) жолығу, кездесу ¨Smith and Jones met in last year's final. – Смит пен Джоунс өткен жылғы финалда кездескен/ айқасқан. ¨~ smb Smith met Jones in last year's final. – Смит Джоунспен өткен жылғы финалда жекпе-жекке шыққан. 5. ~ smth (бірнәрсеге) ұшырау, тап болу, кез болу, жолығу (syn: come across smb/smth, encounter) ¨Others have met similar problems. – Басқалар да осындай проблемаларға кезікті. ¨How she met her death will probably never be known. – Оның қалай қайтыс болғаны ешқашан мәлім болмас. 6.тоғысу, түйісу; қабысу, айқасу ¨The curtains don't meet in the middle. – Перделер ортасынан/ Перделердің ортасы түйіспейді. ¨~ smth That's where the river meets the sea. – Өзеннің теңізбен тоғысатын тұсы осы жер. ¨His hand met hers. – Олардың қолдары/ алақандары қабысты. 7. ~ smth (талапқа, тсс) сай/ сәйкес келу, қажет нәрсені орындау (syn: fulfil) ¨How can we best meet the needs of all the different groups? – Барлық топтардың талап-тілектерін қалай орындасақ/ талап-тілектеріне қалай сай келсек екен? ¨Until these conditions are met we cannot proceed with the sale. – Осы талаптардың бәрі орындалмайынша сатуға кірісе алмаймыз. ¨I can't possibly meet that deadline. – Мерзімді уақытта бітіре алмаспын. 8. ~ smth шығынды көтеру/жабу, (бірн-і) төлеу ¨The cost will be met by the company. – Шығынды компания көтереді. 9. (idm) *find/meet your match (in smb) [қ-з: match (A7)] *make (both) ends meet [қ-з: end (A10)] *meet smb’s eye(s), meet smb’s gaze, look, etc., people’s eyes meet a) көз жанарлары түйісу/ ұшырасу, бірін-бірін көзбен шалу, бір-біріне тіке қарау ¨She was afraid to meet my eye. – Ол маған тура қарауға қорықты. ¨Their eyes met across the crowded room. – Олардың жанарлары кісі толы бөлмеде қашықтан ұшырасты/ бірін-бірі шалды. ¨She met his gaze without flinching. – Өзіне қараған оған ол селт етпей қарады. b) көзіне шалдығу/ шалыну/ ілігу/ түсу ¨A terrible sight met their eyes. – Олардың көздеріне сұмдық көрініс шалынды. *meet smb halfway «біреумен жарты жолда кезігу», мәселені, дауды, тсс өзара мәмілеге келіп/ түсінісіп реттеу ¨I'll agree to some of your requests if you'll meet me halfway and allow me to implement some of my ideas. – Кейбір өтініштерің(ізг)е келісетін боламын, егер маған түсінікпен қарап, біраз ойларымның орындалуына келісім берсең(із). ¨They settled the argument by agreeing to meet each other halfway. – Олар өзара шегінісіп/бір байламға келіп мәселені реттеді. *meet your Maker (esp humorous) «Жаратқанды жолықтыру», өлу, қайтыс болу *never the twain shall meet (saying) әртүрлі екі нәрсе ешқашан бірге болмайды *there is more to smb/smth than meets the eye (бір кісі я нәрсе) бір қарағандағыдай/ көргендегідей емес, күрделі/ қызығырақ, тсс *where the rubber meets the road (NAmE) сын сағаты, бірнәрсе сыналатын, анықталатын сәт/ кез ¨Here's where the rubber meets the road: will consumers actually buy the product? – Сын сағаты келді: тұтынушылар өнімді ала(ды) ма екен? ¨An athlete can train all day, but the race is where the rubber meets the road and they'll know how good they really are. – Атлет күні бойы шынығар, алайда сайыс - ол үшін сын сағаты, шамасының қаншалықты екені көрінетін кез. 10. (phr v) *meet up (with smb) (rather informal) (арнайы) жолығу, кездесу, жүздесу ¨They met up again later for a drink. – Олар қайтадан жолығып, шай ішті. *meet with smb жолығу, жиналу, бас қосу, кездесу, жүздесу ¨The President met with senior White House aides. – Президент Ақ үйдегі аға көмекшілермен жүздесті/ жолықты. *meet with smth a) белгілі бір қабақпен қара(л)у, қабылда(н)у; кезігу, ұшырау ¨Her proposal met with resistance from the Left. – Оның ұсынысына солшылдар қарсы шықты. ¨to meet with success/failure – жолы болу/болмау, сәтті/сәтсіз болу, табысқа кезігу/ сәтсіздікке ұшырау b) (жайсыздыққа, тсс) ұшырау, душар болу ¨She met with an accident yesterday. – Кеше бір оқиғаға тап болды/ жайсыздыққа ұшырады. *meet smth with smth бірнәрсеге белгілі бір қабақ таныту, белгілі бір пейілмен, көзқараспен қабылдау (syn: receive) ¨His suggestion was met with howls of protest. – Оның кеңесіне көбісі дүрліге қарсы шықты. B.n 1. (esp NAmE) спорт жарысы/ сайысы ¨a track meet – жеңіл атлетикадан сайыс 2. (BrE) (ит салып) түлкі аулау