melt [melt] v 1.еру, жібу; балқу ¨The snow showed no sign of melting. – Қар ерімейтіндей көрінді/ Қардың еритін күйі байқалмады. ¨melting ice – еріп жатқан/ жібіген мұз ¨~ smth The sun had melted the snow. – Күн қарды ерітіп жіберген (екен). ¨First, melt two ounces of butter. – Алдымен, екі унция май еріт. ¨(ауысп. мағ.) The tension in the room began to melt. – Бөлмедегі қатулы қабақтар жіби бастады. ¨(ауысп. мағ.) ~ smth Her trusting smile melted his heart. – Оның (қыздың) сене жымиысы оның (жігіттің) жүрегін балқытты/ жібітті. 2. (idm) *butter wouldn’t melt (in smb’s mouth) (informal) «біреудің аузында май жібімейді», жібектей болып көрінген сұрқия адам *melt in your mouth «ауызда ериді», сондай тәтті тамақ ¨They serve steaks that just melt in your mouth. – Олардың берген стейктері ауызда ериді. 3. (phr v) *melt away | melt smth away жоқ ету, жоқ болып кету, еріп кету, еріту ¨At the first sign of trouble, the crowd melted away. – Бір пәле қылаң бере топ тарап кетті. *melt smth down (темірді, тсс) балқыту, еріту ¨Many of the bronze statues were melted down and used to make weapons. – Көптеген қола мүсіндерді балқытып, қару-жарақ жасау үшін қолданды. *melt into smth a) баяу бірнәрсеге айналу ¨Her irritation melted into pity. – Басында жақтырмағанымен, бара-бара жаны аши бастады. b) білінбей кету, араласып кету ¨He is trying to melt into the background. – Ол көпке қосылып, көрінбей кетпек болуда.