memory [ˈmeməri] n (pl -ies) 1. ~ (for smth) ес, жад, есте сақтау қабілеті, ой ¨I have a bad memory for names. – Аттарды/ Есімдерді онша есте/ ойымда сақтай алмаймын. ¨People have short memories. – Адамдар тез ұмытады/ ұмтышақ келеді. ¨He had a long memory for people who had disappointed him. – Ол өзін ренжіткен кісілерді ұмытпайтын. ¨She can recite the whole poem from memory. – Ол бүткіл дастанды жатқа айта алады. ¨He suffered loss of memory for weeks after the accident. – Уақиғадан соң ол көптеген апта есінен айырылып қиналды. ¨Are you sure? Memory can play tricks on you. – Сенімдісің бе? Адамның кейде шатасатыны бар. ¨I quickly committed the number of the car to memory. – Машинаның номерін тез жаттап алдым. ¨The drugs had a severe effect on her short-term memory. – Есірткі оның есте сақтау қабілетіне залалын тигізді. 2.ес, есінде бар кез(ең) ¨There hasn’t been peace in the country in/within my memory. – Мен ес білгелі (бұл) елде тыныштық болған емес. ¨It was the worst storm in recent memory. – Бұл соңғы кездердегі ең сұмдық дауыл болды. ¨This hasn't happened in living memory. – Қазіргі кісілер бұндайды көрмеген. 3.естелік, есте/ойда қалған нәрсе(лер) (syn: recollection) ¨childhood memories – балалық шақ естеліктері ¨I have vivid memories of my grandparents. – Атам мен әжем есімде жақсы сақталған. ¨What is your earliest memory? – Алғаш ес білген шағың қай кез? ¨The photos bring back lots of good memories. – Бұл фотографиялар көптеген жақсы сәтті еске салады/ойға оралтады. 4. (formal) жарқын бейне (марқұмның) ¨Her memory lives on. – Ол жүрегімізде сақталады/ Оны ұмытпаймыз. ¨Their behaviour insults the memory of those who died for this country. – Олардың мінез-құлқы осы ел үшін жанын пида еткендердің жарқын бейнесін қорлайды. 5.компьютер жады, есте сақтау шамасы ¨Have you got enough memory available to run the program? – Компьютеріңде осы программаны істетерліктей жад бар ма? 6. (idm) *be etched on your heart/memory/mind [қ-з: etch (2)] *have a memory/mind like a sieve (informal) «есі кепсердей/ елгезердей болу», ойында ештеңе тұрмау, ұмытшақ болу *if (my) memory serves me well, correctly, etc. есімде дұрыс сақтасам, есімде жақсы қалса *in memory of smb, to the memory of smb еске ала, еске алу үшін, есте сақтау үшін істеген ¨He founded the charity in memory of his late wife. – Ол мейірім/ қайырымдылық қорын марқұм әйеліне арнады. ¨The statue was erected to the memory of my father. – Мүсін/ Ескерткіш (марқұм) әкемнің құрметіне тұрғызылған. *jog smb’s memory (біреудің) есіне салу/түсіру, ойына түсіргізу ¨Maybe these letters will help to jog your memory. – Бәлкім, мына хаттар есіңе түсірер.