mercy [ˈmɜːsi] n (pl -ies) 1.мейірімділік, мейірім, рахымдылық, рахым, аяушылық, аяныш (syn: humanity) ¨to ask/beg/plead for mercy – аяушылық сұрау/ аяушылық сұрап жалбарыну/ жалыну ¨They showed no mercy to their hostages. – Тұтқындарды олар еш аямады. ¨God have mercy on us. – Құдай, бізге рахым ете гөр. ¨The troops are on a mercy mission in the war zone. – Әскерлер соғыс аймағында мейірім (жұртқа жәрдем ету) миссиясында. ¨(ауысп. мағ.) It's a mercy she wasn't seriously hurt. – Оның ауыр жараланбағаны абырой болыпты/ Құдай оңлап ол ауыр жараланбапты. ¨(ауысп. мағ.) His death was a mercy. – Өлім оны ауыр азаптан құтқарды. 2. (idm) *at the mercy of smb/smth біреу/бірнәрсе аяйды деп дәмелену, бағынышты, кіріптар күйге түсу, біреудің/ бірн-ң еркіне, қабағына қарап қалу, қол қусырып қалу ¨I'm not going to put myself at the mercy of the bank. – Банкке кіріптар/ бағынышты болатын жайым жоқ. ¨We were at the mercy of the weather. – Ауа-райының қабағына қарап қалдық. *be grateful/thankful for small mercies осының өзіне/ осыған да рахмет айту, риза болу, шүкіршілік ету ¨Well, at least you weren't hurt. I suppose we should be grateful for small mercies. – Жә, әйтеуір жараланбапсың. Осының өзіне де шүкіршілік етуіміз/ рахмет айтуымыз керек сияқты. *leave smb/smth to the mercy/mercies of smb/smth бағынышты, кіріптар күйде қалдыру/ күйге түсіру, біреудің/ бірн-ң қабағына қарату ¨privatized companies left to the mercy of market forces – рынок/ базар күштерінің қабағына қарап қалған жекешеленген компаниялар ¨(humorous) I’ll leave you to the tender mercies of these ladies! – Сізді мына бикештердің аяулы қамқорлығына қалдырамын. *throw yourself on somebody’s mercy (formal) бағынышты, кіріптар күйге қалу/ түсу, біреудің/ бірн-ң қабағына қарап қалу