mesh [meʃ] A.n 1.тор, ау, шырмау, өрмек ¨wire mesh over the door of the cage – қапас есігінің үстіндегі сымтемір шырмау/ өрмек ¨Nets should have fine meshes to trap small particles. – Аудың шағын бөлшектерді тоса алатын ұсақ торлары болуы керек. ¨The windows are covered with a fine wire mesh. – Терезелерге ұсақ сымтемір тор/ өрмек жабылған. 2.шырғалаң, шытырман, шырмау, өрмек (syn: web) ¨She felt trapped in a mesh of loyalty and guilt. – Ол өзін адалдық пен күнәнің шырмауында қалғандай сезінді. ¨trapped in a mesh of political intrigue – саяси әзәзілдіктің/ интриганың шырмауына түскен B.v қабыс(тыр)у, қиыс(тыр)у, кірігу, кіріктіру, астас(тыр)у, ұштас(тыр)у, айқас(тыр)у, тоғыс(тыр)у ¨~ (smth) (with smth) This evidence meshes with earlier reports of an organized riot. – Бұл дерек бұдан бұрынғы ұйымдасқан бұзақылық туралы хабарлармен қиысады. ¨~ (smth) (together) His theories mesh together various political and religious beliefs. – Оның теориялары түрлі саяси және діни нанымдарды тоғыстырады/ ұштастырады. ¨If the cogs don't mesh correctly, the gears will keep slipping. – Егер тегершік (шестерня) тістері кірікпесе, тегершіктер тая береді/ беретін болады.