mess [mes] A.n 1. былық, ыбырсу(шылық), шашылып жатқандық, кір-қожалақтық, ұйпа-тұйпа, ретсіздік, сапырылысу, сатала-сатпақ(тық) ¨The room was in a mess. – Бөлме былығып/ шашылып жатты. ¨The kids made a mess in the bathroom. – Сәбилер жуынатын бөлмені ыбырсытып тастапты. ¨‘What a mess!’ she said, surveying the scene after the party. – «Асты үстіне шығып жатыр ғой!», деді ол сауық-кештен кейінгі көрініске қарай. ¨My hair's a real mess! – Шашым - ұйпа-тұйпа! ¨The economy is in a mess. – Экономика былығып жатыр. ¨I feel I've made a mess of things. – Шаруаны былықтырып алдым-ау. ¨The whole situation is a mess. – Жағдай - толықтай былық. ¨Let's try to sort out the mess. – Мына былықты реттеуге тырысалық/ тырысайық. ¨The biggest question is how they got into this mess in the first place. – Ең әуелі, олар бұндай былыққа қалай тап болды. ¨(ironic) That’s another fine mess you’ve got us into. – Сен бізді тағы бір тамаша былыққа ұрындырдың. ¨(ауысп мағ) You're a mess! – (Өз) ұсқыныңа қарашы!/ Түрің быт-шыт қой! ¨(ауысп. мағ.) When my wife left me I was a total mess. – Әйелім менен кетіп қалған кезде тас-талқан болдым. 2. (informal) боқ, үлкен дәрет, нәжіс (иттің, мысықтың, тсс) 3. a ~ of smth (NAmE, informal) құжынаған, көп нәрсе ¨There's a mess of fish down there, so get your lines in the water. – Ана жерде балық құжынап жүр, суға қармағыңды лақтыр. 4. (also ~ hall especially NAmE) асхана (әскердің) ¨the officers’ mess – офицерлер асханасы B.v 1. ~ smth (informal, especially NAmE) былықтыру, шашу, ыбырсыту, астаң-кестең ету ¨Careful - you're messing my hair. – Байқа – шашымның ұйпа-тұйпасын шығарып жатсың. 2. (аңдар ж) тышу, үлкен дәретке бару 3. (idm) *no messing (informal) оңай істелді, тындырылды ¨We finished in time, no messing. – Созбай, уақтында бітірдік. *not mess around (BrE also not mess about) (informal) тап-тұйнақтай істеп тастау, оңай тындыру, созбаққа салмау ¨When they decide to have a party they don't mess around. – Сауық-кеш өткіземіз дегенде олар бірден істейді/ оңай ұйымдастырады. 4. (phr v) *mess smb about/around (BrE) әурелеу, біреуді әбігерге/сергелдеңге салу, әбігер/әлек/әуре ету/қылу ¨I’m sorry to mess you about but there are a few last-minute changes. – Сені әурелегеніме ғафу ет, алайда соңғы сәттегі бірнеше өзгеріс бар. *mess around (BrE also mess about) a) сандалу, сенделу, уақытты босқа кетіру (syn: fool around) ¨Will you stop messing around and get on with some work? – Құры сандалып жүргенше бір жұмыс істемейсің бе? ¨I messed around in my first year at college. – Колледждегі бірінші курста құры сандалумен болдым. b) жайбарақат, бейқам, қаперсіз уақыт өткізу ¨We spent the day messing around on the river. – Бір күн өзен бойында тынықтық. *mess around with smb (BrE also mess about with smb) біреумен ойнас (жыныстық қатынаста) болу *mess around with smth (BrE also mess about with smth) a) (жөнсіз) шұқыла(н)у, шұқығыштау, тиіскілеу, тиісу, түрткілеу ¨Who's been messing around with my computer? – Компьютерімді кім шұқылаған? b) ойнап я жөндеп, тсс уақыт өткізу *mess up | mess smth up былықтыру, құрту, бұзу ¨I've really messed up this time. – Бұл жолы шынымен де құрттым. ¨If you cancel now you'll mess up all my arrangements. – Қазір болғызбай тастасаң, бүткіл жоспарымды былықтырасың. *mess smb up a) (informal) кейіту, ашындыру, ренжіту, күйіндіру b) (NAmE, informal) таяқ жегізу, таяқтау ¨He was messed up pretty bad by the other guy. – Ана неме оны кәдімгідей таяқтады. *mess smth up былықтыру, сапырылыстыру, ыбырсыту, кір-қожалақ ету ¨I don't want you messing up my nice clean kitchen. – Ұядай кухнямды ыбырсытқаныңды қаламаймын. *mess with smb/smth жолау, араласу, кірісу ¨I wouldn't mess with him if I were you. – Сен болсам, оған жоламас едім. ¨Don’t mess with fireworks. – Фейерверкке/ Отшашуға жолама.