message [ˈmesɪdʒ] A.n 1.хабар, хат-хабар, хабарлама, жолдама, жолдау, сәлем (айту), сәлемдеме ¨There were no messages for me at the hotel. – Қонақ үйде маған ешбір хат-хабар болмады. ¨We've had an urgent message saying that your father's ill. – Әкең(із) науқас деген бізде шұғыл хабар бар. ¨Jenny's not here at the moment. Can I take a message? – Дженни дәл қазір бұнда емес. Бірдеңе айтасыз ба? ¨I left a message on her voicemail. – Оның телефонында хабар қалдырдым. ¨I've been trying to get you all day - don't you ever listen to your messages? – Күні бойы сенімен хабарласпақ болдым – телефоныңдағы хабарларды тыңдамайсың ба? ¨~ (from smb) (to smb) Messages of support have been arriving from all over the country. – Елдің түкпір-түкпірінен қолдау білдірген хат-хабар/ жолдама келіп жатыр. ¨a televised message from the President to the American people – Америка халқына арналған Президенттің тележолдау ¨an email message – электрон(ды) хабар/ жолдау ¨There were four messages in my inbox. – Инбоксымда төрт хабар бар ¨He sent me a message. – Ол хабар жолдапты. 2.ой, пікір, идея ¨a film with a strong religious message – ауқымды діни көзқарасты паш ететін фильм ¨The campaign is trying to get the message across to young people that drugs are dangerous. – Науқан жастарға есірткінің қауіп-қатерін түсіндіруге тырысуда. ¨The clear message coming from the government is that they are getting tough on crime. – Үкімет қылмысқа қарсы қатаң шаралар қолданбақшы екенін білдіруде. 3. сигнал, белгі ¨The message arrives in your brain in a fraction of a second. – Мидан сигнал/ белгі сол сәтте жетеді. 4. ~s (ScottishE) дүкен аралау ¨to do the messages – дүкен аралау ¨to go for the messages – дүкенге бару ¨You can leave your messages here. – Алған заттарыңды осында тастасаң(ыз) болады. 5. (idm) *get the message (informal) емеурінін/ ымын/ ымдауын/ меңзеуін ұғу/ тұсіну ¨When he started looking at his watch, I got the message and left. – Ол сағатына қарай бастағанда, оның ойын ұқтық та(ғы) кетіп қалдық. *on/off message саяси партияның ресми көзқарасын айтатын/ айтпайтын 6. B.v (телефонмен, тсс) хабар, жолдама, мессадж жіберу ¨~ smb Fiona just messaged me. – Фиона жаңа ғана хабар жіберді. ¨~ smb smth Brian messaged me the news. – Брайан маған хабар жіберді.