middle [ˈmɪdl] A.n 1.the ~ орта, ара, екіорта, екіара ¨a lake with an island in the middle – ортасында арал бар көл ¨He was standing in the middle of the room. – Ол бөлменің ортасында тұрған. ¨The phone rang in the middle of the night. – Телефон түн ортасында шыр етті. ¨This chicken isn't cooked in the middle. – Бұл тауықты ортасынан пісірмейді. ¨His picture was right/bang in the middle of the front page. – Оның суреті басқы беттің қақ ортасында болды. ¨I have a pain in the middle of my back. – Арқамның орта тұсы шаншуда. ¨Take a sheet of paper and draw a line down the middle. – Бір парақ қағаз алып, ортасынан сызық жүргізіңіз. ¨I should have finished by the middle of the week. – Аптаның ортасында аяқтауым керек еді. ¨You can’t leave in the middle of the meeting! – Жиналыстың ортасында кете алмайсың. ¨I like a story with a beginning, a middle and an end. – Басы, ортасы және аяғы бар әңгімені ұнатамын. ¨When they quarrel, I am often caught in the middle. – Олар ұрсысқанда көбінесе арасында қаламын. 2. (informal) бел (кісінің) ¨He grabbed her around the middle. – Ол оны белінен орай құшақтады. ¨I’ve put on weight around the middle. – Белім жуандапты. 3. (idm) *be in the middle of smth/of doing smth бірдеңе істеп жату ¨They were in the middle of dinner when I called. – Телефон шалған кезімде олар тамақ ішіп жат(ып)ты. ¨I'm in the middle of writing a difficult letter. – Қиын бір хат жазып жатырмын. *the middle of nowhere (informal) шалғайда, алыста, жырақта ¨She lives on a small farm in the middle of nowhere. – Ол шалғайдағы шағын фермада тұрады. *split/divide smth down the middle қақ бөл(ін)у, екіге айыр(ыл)у ¨The country was split down the middle over the strike. – Ереуілге бола (біреусі жақтап, біреусі қарсы болып) ел қақ бөлінді. B.adj 1.ортаңғы, екіарадағы, арадағы, ортаншы, орташа ¨Pens are kept in the middle drawer. – Қаламдар ортаңғы тартпада сақталады. ¨She's the middle child of three. – Ол - үш баланың ортаншысы. ¨He was very successful in his middle forties. – Қырықтың орталарында ол өте табысты болды. ¨a middle-sized room – көлемі орта(ша) бөлме ¨the middle-income groups in society – қоғамның орташа табыс табатын топтары 2. (idm) *(steer, take, etc.) a middle course(find, etc.) a/the middle way орта/тура жол, байсалдылық, байыптылық