mile [maɪl] n 1.миль (1609 метр) ¨a 20-mile drive to work – жұмысқа көлікпен баратын 20 мильдік жол ¨an area of four square miles – төрт шаршы миль болатын аудан ¨a mile-long procession – ұзындығы бір мильдік шеру ¨The nearest bank is about half a mile down the road. – Ең жақын банк жол бойында жарты миль жерде. ¨We did about 30 miles a day on our cycling trip. – Велосипедпен саяхаттағанда күніне 30 миль жүрдік. ¨The car must have been doing at least 100 miles an hour. – Машина сағатына шамамен 100 миль жүріп бара жатқан болар. ¨(BrE) My car does 35 miles to the gallon. – Машинам бір галлонға 35 миль жүреді. ¨(NAmE) My car gets 35 miles to the gallon. – Машинам бір галлонға 35 миль жүреді. 2. ~s ірі аумақ; алыс қашықтық, ұзақ жер ¨miles and miles of desert – ұлан-ғайыр құм ¨There isn't a house for miles around here. – Бұл төңіректе көптеген шақырым жерде бір үй жоқ. ¨I'm not walking - it's miles away. – Жаяу бармаймын – ол өте алыста/ ұзақ. 3. (informal) өте, аса; алыс, ұзақ ¨I'm feeling miles better today, thanks. – Бүгін өзімді әлдеқайда жақсы сезініп тұрмын, рахмет. ¨I'm miles behind with my work. – Жұмысыммен әлдеқайда артта қалдым. ¨She's taller than you by a mile. – Ол сенен өте ұзын. 4. the ~ жарыс (бір мильден асатын қашықтыққа) ¨He ran the mile in less than four minutes. – Бір мильді ол төрт минутқа жетпес уақыт ішінде жүгіріп өтті. ¨a four-minute mile – төрт минутта бір миль 5. (idm) *be miles away (informal) ойы басқа жақта болу, ойға шому *give smb an inch (and they’ll take a mile/yard) (saying) біреуге бір елі берсең, ол бір құлаш алар *go the extra mile (for smb/smth) «бір миль артық жүру», мақсатына жету үшін ерекше күш салу *miles from anywhere (informal) айдалада, елсіз жерде ¨We broke down miles from anywhere. – Машинамыз айдалада сынып қалды. *a miss is as good as a mile (saying) сүрінсе де, омақасса да бәрібір, мақсатына жетпегеннен соң аз жолы болмады ма, көп жолы болмады ма бәрібір *run a mile (from smb/smth) (informal) біреуден/ бірнәрседен қорқып алысқа қашу *see, spot, tell, smell, etc. smth a mile off (informal) «бір шақырым/ күншілік жерден көру, аңғару, иісін сезу, тсс» ¨He's wearing a wig - you can see it a mile off. – Ол парик киіп жүрген – оны бір шақырым жерден аңғаруға болады. ¨After twenty years in the police she could smell a liar a mile off. – Полицияда жиырма жыл істеген соң ол суайтты күншілік жерден таниды. *stand/stick out a mile көпе-көрнеу болу, көрініп/ білініп тұру ¨It stood out a mile that she was lying. – Оның өтірік айтып тұрғаны анадайдан білініп тұрды.