mind [maɪnd] A.n 1.ой, ес, жад, сана, ми ¨the conscious/subconscious mind – санадағы/ сана түкпіріндегі ой ¨There were all kinds of thoughts running through my mind. – Ойымнан/ Санамнан нешетүрлі ойлар жөңкіліп өтіп жатты. ¨There was no doubt in his mind that he'd get the job. – Әлгі жұмыстың өзіне бұйыратынына оның ойында еш күмән болмады. ¨‘Drugs’ are associated in most people's minds with drug abuse. – «Есірткі» дегенде көптеген адамның ойына наркомания келеді. ¨She was in a disturbed state of mind. – Ол алабұртып тұрды. ¨I could not have complete peace of mind before they returned. – Олар оралмайынша ойым бір тыншымады. 2. ақыл, ой, ақыл-ой, зейін, өре, сана, алғырлық, зеректік (syn: intellect) ¨to have a brilliant/good/keen mind – ойы ұшқыр болу/ ақылды/ зейінді болу ¨a creative/ evil/suspicious mind – жасампаз ой/ зұлым/ күмәншіл пейіл ¨She had a lively and enquiring mind. – Ол ашық еді әрі әр нәрсеге көңіл қойып отыратын. ¨His mind is as sharp as ever. – Оның ойы қашан да алғыр/ ұшқыр. ¨I've no idea how her mind works! – Оның алғырлығына таңғаламын! ¨He had the body of a man and the mind of a child. – Үлкен болғанымен ойы/ санасы баланыкіндей еді. ¨insights into the criminal mind – қылмыскер санасына үңілу 3. ақылды адам, ойшыл (syn: brain) ¨She was one of the greatest minds of her generation. – Ол өз заманының керемет ойшылдарының бірі еді. 4.ой, зейін, құлық, көңіл, құнт, пейіл ¨Keep your mind on your work! – Көңілің жұмысыңнан аумасын!, Жұмысыңа көңіл бөл/ зейін қой! ¨Her mind is completely occupied by the new baby. – Оның енді есіл-дерті - жаңа туған нәресте. ¨The lecture dragged on and my mind wandered. – Лекция шұбала берді, ал ойыма әрнәрсе келді. ¨Your mind’s not on the job. – Ойың/Көңлің жұмыста емес. ¨He gave his mind to the arrangements for the next day. – Ол келесі күнгі шаруаларды ойластыруға көңіл қойды. ¨As for avoiding you, nothing could be further from my mind. – Сенен жалтармақ ойым болса тегі бұйырмасын/ Сенен жалтару деген ой менде атымен жоқ еді. 5.ес, жад, ой ¨When I saw the exam questions my mind just went blank. – Емтихан сұрақтарын көргенімде, көзім қарауытып кетті. ¨Sorry - your name has gone right out of my mind. – Ғафу ет(іңіз) – есімің(із) есімнен шығып кетіпті. 6. (idm) *at/in the back of your mind сана түкпірінде, ой астарында ¨At the back of my mind was a small, warning voice, telling me it was wrong. – Сана түкпірінде бұның қате екенін ескерткен бір сыбыр болды. *be all in smb’s/ the mind ойдағы, қиялдағы нәрсе болу, біреуге солай болып көріну ¨These problems are all in your mind, you know. – Бұл проблемалардың бәрі де өзіңнің қиялыңда екенін білесің/ Өзіңе осыншама проблема бардай көрінеді, оны білесің. *bear/keep smb/smth in mind, bear/keep in mind that… біреуді/ бірн-ні есте ұстау; есте ұстау не қарастыру, ойластыру *be bored, frightened, pissed, stoned, etc. out of your mind (informal) өте жалығу, зерігу *be/go out of your mind ақымақ болу, топас болу, «есінен айырылу», «жындану» ¨(informal) You're lending them money? You must be out of your tiny mind! – Оларға қарыз берейін деп жатырсың ба? Титтей есіңнен айырылып қалған шығарсың! *be etched on your heart/memory/mind [қ-з: etch (2)] *be in two minds about smth/about doing smth (NAmE be of two minds about smth/about doing smth) екіойлы болу ¨I was in two minds about the book. – Кітап біртүрлі әсер қалдырды. ¨She's in two minds about accepting his invitation. – Ол шақыруды аларын не алмасын білмеді. *bend your mind/efforts to smth (formal) бірнәрсені ойлап бас қатыру, бірнәрсе жайлы өте көп ойлау *be of one/the same mind (about smb/smth) ортақ пікірде болу, ұқсас пікірде болу *be out of your mind with worry, etc. уайымдап, қобалжып есі шығу *blow your mind (informal) таңырқау, таңғалу ¨Wait till you hear this. It'll blow your mind. – Мынаны естігенше тұра тұр. Жағаңды ұстайсың. *smth boggles the mind (also the mind boggles) (informal) адам сенгісіз, көзге елестеткісіз; таңырқату, таңдандыру ¨The vastness of space really boggles the mind. – Ғарыштың/ Космостың ұшы-қиыры жоқтығы адам санасын тітіркендіреді. ¨‘He says he's married to his cats!’ ‘The mind boggles!’ – «Ол өз мысықтарыма үйленгенмін дейді». «Адам нанғысыз!» *bring/ call smb/smth to mind (formal) (syn: recall) (a) есінде/ ойында ұстау/ сақтау ¨She couldn't call to mind where she had seen him before. – Ол оны бұрын қайда көргенін есіне түсіре алмады. (b) біреуді/ бірн-ні еске салу, біреуге/бірн-ге ұқсату ¨The painting brings to mind some of Picasso's early works. – Бұл картина Пикассоның алғашқы туындыларын еске салады. *cast your mind back (to smth) өткенді еске алу, өткенге көз жіберу/ жүгірту ¨I want you to cast your minds back to the first time you met. – Алғаш жолыққан кезіңді еске алғаныңды қалаймын. *a change of mind пікірін, ойын, көзқарасын өзгерту *change your/smb’s mind шешімін не пікірін/ойын өзгерту ¨Nothing will make me change my mind. – Ештеңе де менің ойымды өзгерте алмайды. *close your mind to smth бірнәрсеге көз жұма қарау *come/ spring to mind бірден/ сарт ете/ етіп еске түсу ¨When discussing influential modern artists, three names immediately come to mind. – Қазіргі заманғы ықпалды суретшілерді айтқанда үш есім еске сарт ете түседі. *cross your mind ойына келу, ойына алу (syn: occur to smb) ¨It never crossed my mind that she might lose. – Оның жеңілуі мүмкін екені ешбір ойыма келмепті. *give smb a piece of your mind (informal) біреуге оған көңілі толмайтынын, риза емес екендігін айту *great minds think alike (informal, humorous) «ұлы ойшылдар бірдей ойлайды», екі адамның да пікірі бір жерден шығып отырғандықтан екеуі де ақылды болуы керек деген әзіл *have a good mind to do smth, have half a mind to do smth (a) бірнәрсені істегісі келгенмен шүбәлі/ сенімсіз болу ¨I've half a mind to come with you tomorrow. – Ертең сенімен барсам ба екен - білмеймін. (b) біреудің ісін құптамайтынын, бұл жайлы тиісті адамға, тсс айтуы мүмкін екенін айту ¨I've a good mind to write and tell your parents about it. – Бұл жайлы ата-анаңа жазуым мүмкін. *have smb/smth in mind (for smth) біреу/ бірн-е ойында болу ¨Do you have anyone in mind for this job? – Бұл жұмысқа алуға ойлаған адамың бар ма? ¨Watching TV all evening wasn't exactly what I had in mind! – Кеш бойы телевизор көру ойымда жоқ еді! *have it in mind to do smth (formal) бірнәрсе істеуге ниетті болу, бірнәрсе істеу ойында болу, оқталу ¨For a long time he had it in mind to write a novel about his experiences. – Ұзақ уақыт бойы басынан кешкендері жайлы роман жазуға оқталды. *have/keep an open mind (about/on smth) тың ойларға, ұсыныстарға ашық болу *have a memory/mind like a sieve (informal) есте сақтауы нашар болу; ұмытшақ болу *have a mind of your own өз пікірі, өз көзқарасы болу ¨She has a mind of her own and isn't afraid to say what she thinks. – Оның өз пікірі бар және өз ойын айтуға қаймықпайды. ¨(humorous) My computer seems to have a mind of its own! – Компьютерім өзінше ойлайтын сияқты көрінеді! *(not) in your right mind ақыл-есі/ есі дұрыс болу (болмау) *know your own mind өз ойына, пікіріне, ниетіне нық, сенімді болу *lose your mind есі ауысу, ақыл-ойы алжасу *make up your mind, make your mind up бірнәрсе істемек, тсс болып шешу, ұйғару, бір шешімге, ұйғарымға келу ¨They're both beautiful - I can't make up my mind. – Екеуі де әдемі – қайсысын таңдарымды білмеймін. ¨Have you made up your minds where to go for your honeymoon? – (Үйленген соң) бал айына қайда баратындарыңды шештіңдер ме? ¨You'll never persuade him to stay - his mind's made up. – Оны қалуға көндіре алмайсың – ол кетемін деп шешіп қойған. ¨Come on - it's make your mind up time! – Ал енді, бір шешімге келетін уақытың болды! *a meeting of minds ойлардың тоғысуы, ұштасуы, ортақ түсінік ¨a meeting of minds between the two artists – екі суретшінің ойларының тоғысуы *mind over matter жігердің, ерік-жігердің күштен артықшылығы ¨He said that keeping running in spite of the pain was just a question of mind over matter. – Қадалған шаншуға қарамастан жүгіре беру ерік-жігер мәселесі еді деді ол. *your mind’s eye елестету, қиялдау ¨He pictured the scene in his mind's eye. – Ол көріністі (көзіне) елестетіп көрді. *of unsound mind (law) ақыл-есі кем/ ауысқан болғандықтан өз әрекетіне жауап бермейтін *on your mind бірнәрсе ойында болу/ ойынан кетпеу, бірнәрсені ойлап уайымдау ¨You've been on my mind all day. – Бүгін күні бойы ойымнан кетпедің. ¨Don't bother your father tonight - he's got a lot on his mind. – Бүгін кешке әкеңді мазалама – оның ойында көп шаруа бар. *open your/smb’s mind to smth өз көзін/ біреудің көзін бірнәрсеге ашу, бірн-мен таныс(тыр)у, тың жаңалық, тсс жайлы біл(дір)у ¨He’s eager to open the minds of his audience to different kinds of music. – Ол/Оның тыңдармандарына музыканың көптеген түрін таныстырғысы келеді. *out of sight, out of mind (saying) көзден кетсе, көңілден кетер, біреу кетсе, тез ұмытылады дег мағ *prey on smb’s mind миын жегідей жеу, санасы тыным таппау, ойынан шықпай қою (also play on smb’s mind) ¨The question of whether to accept the new job and move to Scotland had been playing on his mind for days. – Жаңа жұмысты қабыл алып, Шотландияға қозғалу керек пе деген ой бірнеше күн оның миын жегідей жеді/ ойынан шықпай қойды. *push smth to the back of your mind ойының/ санасының түкпіріне ысырып қою, жайсыз бір жайды ұмытуға тырысу ¨I tried to push the thought to the back of my mind. – Бұл ойды санамның түкпіріне ысырып қоймақ болдым. *put/get smth out of your mind бірнәрсені есінен шығару ¨I just can't get her out of my mind. – Оны есімнен шығара алмаймын. *put smb in mind of smb/smth (old-fashioned) біреуді басқа біреу/ бірнәрсе жайлы ойлатқызу/ ойландыру; біреудің есіне басқа біреу/ бірн-е жайлы салу, есіне алдыру *put/set smb’s mind at ease/rest жұбату, тыныштандыру, сендіру (syn: reassure) *put/set/turn your mind to smth, set your mind on smth көңіл бөлу, зейін, ынта қою, құнттау ¨She could have been a brilliant pianist if she'd put her mind to it. – Дұрыстап көңіл бөлсе, тамаша пианист болар еді. *slip your mind естен «таю»/шығу ¨I’m sorry I didn’t tell you. It completely slipped my mind. – Саған айтпағаныма ғафу ет(кін). Бұл мүлде есімнен шығып кетіпті. *speak your mind пікірін ашық, төтесінен айту ¨She’s never hesitated about speaking her mind. – Ол ешқашан төтесінен айтуға қаймыққан емес. *stick in your mind «санаға жабысу», ойда, санада, жадта қалу ¨One of his paintings in particular sticks in my mind. – Оның суреттерінің/ картиналарының бірі ерекше есімде қалыпты. *take your mind off smth көңілін аулау, көңілін басқа жаққа бұру, ұмыта тұру (syn: distract) ¨Painting helped take her mind off her troubles. – Картина оған қиыншылықтарын ұмыттырды. *to my mind меніңше, менің ойымша, пікірімше ¨It was a ridiculous thing to do, to my mind. – Меніңше, бұл өте бір жөнсіз іс болды. *a turn of mind ойлау салты, ойлау әдеті B.v 1.кею, мазасы қашу, қобалжу ¨~ (smth) I don't mind the cold - it's the rain I don't like. – Суықтан қашып тұрғамын жоқ – жауын болмаса екен. ¨I hope you don't mind the noise. – Шу жүйкең(ізг)е тимес деп ойлаймын. ¨He wouldn't have minded so much if she'd told him the truth. – Ол оған шындықты айтса, ол соншама қобалжымас еді. ¨~ about smth Did she mind about not getting the job? – Жұмысқа тұрмайтынына бола ол уайымдады ма? ¨~ doing smth Did she mind not getting the job? – Жұмысқа тұрмайтынына бола ол уайымдады ма? ¨~ smb/ smth doing smth Do your parents mind you leaving home? – Сенің үйден кеткеніңе ата-анаң қобалжи ма? ¨(formal) Do your parents mind your leaving home? – Сенің үйден кеткеніңе ата-анаң қобалжымай ма? ¨~ how, what, etc… She never minded how hot it was. – Қанша ыстық болса да оған бәрібір болатын. ¨~ that… He minded that he hadn't been asked. – Өзіне сұрақ қоймағанға ол кейіді. 2.бірнәрсе істеуге рұхсат сұрағанды не біреуден бірнәрсе істеуін сыпайы өтінгенде қолд ¨Do you mind if I open the window? – Терезені ашсам қалай қарайсың(ыз)? ¨~ smb doing smth Are you married, if you don't mind me asking? – Үйленгенсіз бе деп сұрасам болар ма екен? ¨(formal) Are you married, if you don't mind my asking? – Үйленгенсіз бе деп сұрасам болар ма екен? ¨~ doing smth Would you mind explaining that again, please? – Тағы да (бір) түсіндіріп жібересің(із) бе? ¨Do you mind driving? I'm feeling pretty tired. – (Машина) айдайсың(ыз) ба? Шаршап қалған сияқтымын. 3. not ~ елемеу, бәрібір болу, (ойлап) бас қатырмау, көңіліне алу ¨‘Would you like tea or coffee?’ ‘I don't mind - either's fine.’ – «Шай ішесің(із) бе, жоқ кофе ме?» «Маған бәрібір қайсысы болса да». ¨~ smb Don't mind her - she didn't mean what she said. – Оның айтқанын көңілің(ізг)е алмай-ақ қой(ыңыз) – жаман ойы жоқ. ¨Don't mind me - I'll just sit here quietly. – Маған қарамай-ақ қойыңыз – мына жерде тыныш қана отырамын. 4. not ~ doing smth құлқымен, көңілмен істеуге әзір болу ¨I don't mind helping if you can't find anyone else. – Басқа біреуді таба алмасаң, көмектесуге әзірмін. 5. (BrE) (also watch) байқа(ңыз), сақ бол(ыңыз), абай бол(ыңыз) ¨~ smth Mind that step! – Абайлап бас(ыңыз)/ адымда(ңыз)!/ Басқышты байқап бас(ыңыз)! ¨Mind your head! – Басың(ыз)ды абайла(ңыз)/ байқа(ңыз)! ¨Mind your language! - Байқап сөйле(ңыз)! ¨~ how, where, etc… Mind how you go! – Жақсы, сау бол(ыңыз)! ¨Mind where you're treading! – Бөтен жердің ой-шұқыры көп! ¨~ (that)… Mind you don't cut yourself - that knife's very sharp. – (Өзіңді/ Үстіңді) кесіп кетпесін – андағы пышақ лыпылдап тұр. ¨You must be home for dinner, mind. – Тамақ уақтында үйде болуың керек, байқа. 6. ~ smb (NAmE) тіл алу, бағыну, тыңдау, көңіл бөлу ¨And the moral of the story is: always mind your mother! – Әңгіменің айтайын дегені: қашан да анаңды тыңда! 7. (especially BrE) (NAmE usually watch) ~ smb/smth күту, бағу, қарау, қамқор болу (syn: look after yourself/smb/smth) ¨Who's minding the children this evening? – Бүгін кешкісін балаларға кім қарайды? ¨Could you mind my bags for a moment? – Бір сәтке сумкаларыма қарай тұрасың(ыз) ба? 8. (idm) *do you mind? (ironic) қарсы емессің(із) бе? кейімейсің(із) бе? (біреудің жаңа ғана айтқанын ұнатпағанды білд) ¨Do you mind? I was here before you. – Кейімейсің(із) бе? Бұл жерде сенен/ сізден бұрын болға(н)мын. *I don’t mind admitting, telling you…, etc. ұят болса да айтайын ¨I was scared, I don't mind telling you! – Қорықтым, ұят болса да айтайын. *I don’t mind if I do (informal) қарсы емеспін, жарайды ¨‘Cup of tea, Brian?’ ‘I don't mind if I do.’ – «Бір құты кофеге қалай қарайсың, Брайан» «Жарайды». *if you don’t mind, if you wouldn’t mind a) қарсы болмасаң(ыз) ¨I'd like to ask you a few questions, if you don't mind. – Қарсы болмасаң(ыз), бірнеше сұрақ қояйын дегенмін. ¨Can you read that form carefully, if you wouldn't mind, and then sign it. – Ана форманы мұқият оқып шығып, қарсы болмасаң(ыз), қол қойсаң(ыз). b) (often ironic) қарсы болмасаң(ыз) (біреудің жаңа ғана айтқанын ұнатпағанды білд) ¨I give the orders around here, if you don't mind. – Бұл жерде бұйрық беретін мен, қарсы болмасаңыз. c) қарсы болмасаң(ыз) (сыпайы бас тартқанды білд) ¨‘Will you come with us tonight?’ ‘I won't, if you don't mind - I've got a lot of work to do.’ – «Бүгін кешке бізбен бірге барасың(ыз) ба?» «Жоқ, қарсы болмасаң(ыз) – істейтін шаруам көп болып тұр». *if you don’t mind me/my saying so… айтқаныма ренжімесең(із)/ кейімесең(із) ¨That colour doesn't really suit you, if you don't mind my saying so. – Ана түс саған мүлде(м) жараспайды екен, айтқаныма ренжімесең. *I wouldn’t mind smth/doing smth тіпті де қарсы емеспін ¨I wouldn't mind a cup of coffee, if it's no trouble. – Қиын болмаса, бір құты кофе ішкенге не жетсін. ¨I wouldn't mind having his money! – Мына ақшаны алуға тіпті де қарсы емеспін! *mind your own business (informal) өз ісіңді біл, шаруасы/ шатағы болмау (яғни, басқа біреулердің жеке шаруасына араласпау) ¨‘What are you reading?’ ‘Mind your own business!’ – «Не оқып отырсың?» «Шаруаң/ Шатағың болмасын!» ¨I was just sitting there, minding my own business, when a man started shouting at me. – Ана жерде өз ісіммен шұғылданып отырған кезде, бір кісі маған айқайлай бастады». *mind your Ps and Qs (informal) өте сыпайы мінез таныту *mind the shop (BrE) (NAmE mind the store) уақытша жауапты болу, уақытша басқару ¨Who's minding the shop while the boss is abroad? – Бастық уақытша шетелде болған кезде кім жауапты? *mind/ watch your language байқап сөйлеу, тілді тарта сөйлеу ¨Watch your language, young man! – Байқап сөйлегейсің, жігіт-оу! *mind/watch your step абайлап, байқап жүру ¨You’d better watch your step with him if you don’t want trouble. – Пәлеге ұрынғың келмесе, онымен байқап жүргейсің. *mind you (informal) алайда, дегенмен ¨I've heard they're getting divorced. Mind you, I'm not surprised - they were always arguing. – Олар ажырасқалы жатыр деп естідім. Алайда, оған таңғалып жатқан жоқпын – олар ылғи да керісіп жататын. ¨He looks very young in this photo. Mind you, it was taken years ago. – Мына фотографияда ол өте жас көрінеді. Дегенмен, бұл көп жыл бұрынғы сурет. ¨I love hot weather, but not too hot, mind. – Ыстық ауа-райын жақсы көремін, дегенмен, тым ыстық емес. *never mind a) (especially BrE) уайымдама, қобалжыма, жә, бопты ¨Have you broken it? Never mind, we can buy another one. – Сындырып алдың ба? Жә, бопты, басқасын сатып ала аламыз. ¨This isn't where I intended to take you - but never mind, it's just as good. – Сені дәп осында алып келмек ойым жоқ еді – бопты енді, бұл жер де жақсы. b) мүлде, тіпті де (syn: let alone) ¨I never thought she'd win once, never mind twice! – Ол бір рет те болса жеңеді деп ойламаған едім, ал екі рет ұтады деген ой түске де кірген емес! ¨Well, you would have hardly got a bed in that room, never mind anything else. – Иә, ана бөлмеге бір төсекті әрең сыйғызуға болар еді, ал басқа нәрселер жайлы тіпті де айтып керегі жоқ. ¨I don’t think I could walk that far, never mind run that far. – Мен соншама жерге жаяу бара алар едім деп ойламаймын, ал соншалықты жүгіру деген ойға да кірмейтін нәрсе. *never mind (about) (doing) smth уайымдамай-ақ қой(ғын), ойламай-ақ қой, қам жемей-ақ қой ¨Never mind your car - what about the damage to my fence? – Машинаңды ойламай-ақ қой, одан да менің шарбағымды бүлдіргеніңді айтсаңшы? ¨Never mind washing the dishes - I'll do them later. – Ыдыстарды жумай-ақ қой(ғын) – кейін өзім жуып алам(ын). *never you mind (informal) сұрамай-ақ қой (бәрібір айтпаймын) ¨‘Who told you about it?’ ‘Never you mind!’ – «Бұл жайлы саған кім айтты?» «Сұрамай-ақ қой!» ¨Never you mind how I found out - it's true, isn't it? – Қалай біліп қойғанымды сұрама – бұл рас емес пе, иә? 9. (phr v) *mind out (BrE, informal) байқа(ңыз), әрі(рек) тұр(ыңыз) (syn: watch out) ¨Mind out - you're in the way there! – Байқа – жолда тұрсың! *mind out (for smb/smth) (BrE) байқа, абай/ сақ бол ¨Mind out - one of the steps is missing! – Байқа – басқыштың біреуі жоқ!