mingle [ˈmɪŋɡl] v 1.аралас(тыр)у, қос(ыл)у, шыла(н)у, мал(ын)у ¨The sounds of laughter and singing mingled in the evening air. – Күлкі мен ән аралас үндер кешкі әуеде қалықтады. ¨~ (A) (with B) Her tears mingled with the blood on her face. – Көз жасы бетіндегі қанға шыланды/ малынды. ¨He felt a kind of happiness mingled with regret. – Ол біртүрлі өкініш аралас бақыт сезінді. ¨~ (A and B) (together) The flowers mingle together to form a blaze of colour. – Гүлдер өзара араласып түрлі-түсті жалын түзді. ¨a lot of emotions all mingled together – өзара біте қайнаған көңіл-күйлер/ эмоциялар 2. (жұртпен) араласу, шүйіркелесу (syn: circulate) ¨The princess was not recognized and mingled freely with the crowds. – Ешкім танымаған принцесса жұртпен емін-еркін араласты. ¨If you'll excuse me, I must go and mingle. – Ғафу етсеңіз, барып қонақтармен араласуым керек.