miracle [ˈmɪrəkl] n 1.керемет, таңғажайып, мұғжиза (табиғат заңдары емес, құдайдың көмегімен болған таңырқарлық жайт) (syn: wonder) 2. (informal) керемет, тамаша, таң-тамаша, ғажап, күтпеген таңғаларлық жайт, таңғажайып, мұғжиза (syn: wonder) ¨an economic miracle – экономикалық керемет ¨It’s a miracle (that) nobody was killed in the crash. – Құдай оңлап, апатта ешкім жазым болмапты. ¨It would take a miracle to make this business profitable. – Мына кәсіпті бір керемет (жайт) қана табысты ете алады. ¨a miracle cure/drug – ғажайып ем/дәрі ¨The car is a miracle of engineering. – Бұл машина - инженерия жаратқан керемет. 3. (idm) *work/perform miracles керемет/ тамаша нәтижеге жету ¨Her exercise programme has worked miracles for her. – Өзінің шынығу программасы оны тамаша нәтижелерге жеткізді.