miserable [ˈmɪzrəbl] adj 1.бейшара, байғұс, сорлы, торыққан, құлазыған ¨We were cold, wet and thoroughly miserable. – Мұздап/ Жаурап, үстіміз малмандай су болып, бейшара күйге түстік. ¨Don't look so miserable! – Соншама байғұс болмашы! ¨She knows how to make life miserable for her employees. – Қарамағындағыларды ол итшілете алады. 2.сорлататын, әбігер ететін, тарықтыратын, итшілететін; жабырқататын, қамықтыратын, торықтыратын, құлазытатын (syn: depressing) ¨miserable housing conditions – сорлататын/ тарықтыратын/ құлазытатын үй-жай жағдайлары ¨I spent a miserable weekend alone at home. – Апта соңын торыға/ құлази үйде өткіздім. ¨What a miserable day! – Неткен торықтыратын/ құлазытатын күн! ¨The play was a miserable failure. – Пьеса сиықсыз бірдеңе болып шығыпты. 3. (disapproving) қырғиқабақ, қыртиған, кіртиген, дүрдиген (syn: grumpy) ¨He was a miserable old devil. – Ол бір кейкиіп қалған шал еді. 4.жарымаған, мардымсыз, болмашы (syn: paltry) ¨How can anyone live on such a miserable wage? – Мынандай жарымаған айлыққа кім күн көре алады екен?