misrepresent [ˌmɪsˌreprɪˈzent] v (formal) (мәліметті) бұрмалау, өңін айналдыру ¨~ smb/smth He felt that the book misrepresented his opinions. – Кітапта өзінің көзқарастарының бұрмаланғанын сезді. ¨Think carefully about what you say: your views could be easily misrepresented by the press. – Байқап сөйле: айтқандарыңды баспасөз оңай бұрмалай алады. ¨~ smb/smth as smth In the article she was misrepresented as an uncaring mother. – Мақалада ол балаларына қарамайтын ана деп бұрмалай суреттелген. ¨~ what, how, etc… The report misrepresented what the group believes. – Хабар топтың сенім-нанымдарын бұрмалаған.