miss [mɪs] A.v 1. тигізе алмау, дәлдей/ көздей алмау; тимей/ қисық кету ¨~(smb/smth) How many goals has he missed this season? – Осы маусымда ол қанша доп қисық тепті?/ қанша рет гол кіргізе алмады? ¨The bullet missed her by about six inches. – Оқ одан он см-дей қисық кеткен. ¨She threw a plate at him and only narrowly missed. – Ол оған табақ лақтырып, сәл тимей қалған. ¨~ doing smth She narrowly missed hitting him. – Ол оған зат лақтырып, сәл тимей қалған. 2. ~ smth естімей, көрмей, байқамай қалу ¨The hotel is the only white building on the road - you can't miss it. – Қонақ үй жол бойындағы жалғыз ғана ақ ғимарат – байқамауың мүмкін емес. ¨Don't miss next week's issue! – Келесі аптадағы санды/ хабарды жіберіп алма(ңыз-дар)! ¨I missed her name. – Оның атын есіме түсіре алмадым. ¨Your mother will know who's moved in - she doesn't miss much. – Анаң кімнің келгенін білетін болады – ол көбін байқайды. ¨When you painted your bedroom, you missed a bit under the window. – Бөлмеңді сырлағанда терезенің астын сәл қалдырып кетіпсің. 3. ~ smth ұқпай қалу, ұқпау ¨He completely missed the joke. – Ол қалжыңды мүлде(м) ұқпады. ¨You're missing the point of what I'm saying. – (Негізгі) ойымды ұқпай жат(ыр)сың. ¨I think I must have missed something because none of this makes any sense. – Бірнәрсені түсінбей/ ұқпай қалған шығармын, себебі бұлардың ешқайсысында (қандай да бір) қисын жоқ. 4. ~ smth бір жерде болмау я бармай қалу, жіберіп алу, (құры) қалу ¨She hasn't missed a game all year. – Ол жыл бойы бір ойын (да) жіберген жоқ/ ойыннан (да) қалмады. ¨You missed a good party last night. – Кешегі жақсы сайық-кештен (құры) қалдың. ¨ ‘Are you coming to the school play?’ ‘I wouldn't miss it for the world.’ – «Мектептегі пьесаға келесің бе?» «Қайтсем де/Міндетті түрде барамын». 5. ~ smth істемеу, тсс, істей алмау, тсс ¨You can't afford to miss meals when you're in training. – Шынығып жүрген кезде тамақтанбауға болмайды. ¨to miss a turn – (ойында) өз кезегін жіберіп алу 6. ~ (doing) smth мүмкіндікті жіберіп алу, оңтайлы сәтті пайдаланбай қалу ¨The sale prices were too good to miss. – Заттар мына(н)дай арзандаған кезде қарап қалуға болмайды. ¨It was an opportunity not to be missed. – Бұл құры жібермейтін мүмкіндік/ сәт еді. 7. ~ smth/smb | ~ doing smth қалып қалу, кешігіп қалу, құры қалу ¨If I don't leave now I'll miss my plane. – Қазір кетпесем, рейсімнен қаламын. ¨Sorry I'm late - have I missed anything? – Кешіккеніме ғафу өтінемін – бірнәрсе болды ма? ¨‘Is Ann there?’ ‘You've just missed her.’ – «Әнн сонда ма?» «Ол сенің алдың да ғана кетті». 8.сағыну ¨~ smb/ smth She will be greatly missed when she leaves. – Ол кеткен кезде оны (жұрт) сағынатын болады. ¨What did you miss most when you were in France? – Францияда болған кезіңде нені ең көп сағындың? ¨~ (smb/smth) doing smth I don't miss getting up at six every morning! – Әр күн сайын таңғы алтыда тұратынымды сағынбаймын! 9. ¨~ smb/ smth жоқ екенін байқау ¨When did you first miss the necklace? – Алқаңның жоқ екенін қашан байқадың? ¨Let’s go for a quick drink - nobody will miss us. – Тезірек барып ішіп келейік – бізді ешкім байқамайды. ¨We seem to be missing some students this morning. – Бүгін таңертеңгісін кейбір студенттер жоқ сияқты. 10. құтылу, жалтару (syn: escape) ¨~ smth If you go now you should miss the crowds. – Қазір кетсең, қаптаған жұртқа кезікпейсің. 11. = misfire 12. (idm) *smb’s heart misses a beat жүрегі тоқтап қала жаздады, қатты сасып қалды ¨My heart missed a beat when I saw who it was. – Оның кім екенін көргенде жүрегім тоқтап қала жаздады. *he, she, etc. doesn’t miss a trick (informal) мүмкіндікті, оңтайлы сәтті құры жібермейді *hit/miss the mark ойлағанына жету/жетпеу, діттеген жерінен шығу/ шықпау ¨He blushed furiously and Robyn knew she had hit the mark. – Ол қызарып кеткен кезде Робин көздеген жеріне дөп тигенін білді. *miss the boat (informal) құры қалу, кешігіп қалу, оңтайлы сәтті жіберіп алу ¨If you don't buy now, you may find that you've missed the boat. – Енді сатып алмасаң, әттегенай-айлап қаласың. *miss your guess (NAmE, informal) қателесу, жаңылысу ¨Unless I miss my guess, your computer needs a new hard drive. – Қателеспесем, компьютеріңе жаңа қатты диск керек. ¨If you miss your guess, you lose 10 points. – Сұрақтан қателессең, 10 ұпай жоғалтасың. 13. (phr v) *miss smb/smth out (BrE) қамтымай, ескермей, енгізбей қалу (syn: omit) ¨I'll just read through the form again to make sure I haven't missed anything out. – Ештеңені ұмытпадым ба екен деп анкетаны қайтадан сүзіп шықтым. *miss out (on smth) құры қалу, оңтайлы сәтті жіберіп алу ¨Of course I'm coming - I don't want to miss out on all the fun! – Әрине, келемін – осыншама қызықтан құры қалғым келмейді! B.n 1. Miss мисс, бикеш (тұрмыс құрмаған бойжеткен) ¨That's all, thank you, Miss Lipman. – Осымен болды, рахмет, мисс Липмән. 2. Miss мисс, ару (белгілі бір қаладағы, елдегі, тсс сұлулық жарысының жеңімпазына берілетін атақ) ¨Miss Brighton – мисс Брайтон/ Брайтон аруы ¨the Miss World contest – әлем аруы жарысы 3. Miss (informal) мисс (бейтаныс бойжеткенге не келіншекке қарата айтылады) ¨Will that be all, Miss? – Осымен болды ма, мисс? 4. Miss (BrE, informal) мисс (мектептегі оқушылардың кез-келген әйел мұғалімге қарата айтуы) ¨Good morning, Miss! – Қайырлы таң, мисс! 5. (old-fashioned) мисс (қыз, бойжеткен) 6.тебе/ ұра/ соға/ ұстай алмау ¨He scored two goals and had another two near misses. – Ол екі гол кіргізіп, тағы екеуін кіргізе алмады. 7. (idm) *give smth a miss (informal, especially BrE) бірдеңе істемейтін, тсс болып шешу/ ұйғару ¨I think I'll give badminton a miss tonight. – Бүгін бадминтон ойнамаспын. *a miss is as good as a mile (saying) [қ-з: mile (5)]