mission [ˈmɪʃn] A.n 1.миссия (басқа бір елге, тсс маңызды тапсырмамен, мақсатпен барып-қайту) ¨a trade mission to China – Қытайға сауда миссиясы ¨a fact-finding mission – айғақ табу/ факті жию миссиясы ¨a mercy mission to aid homeless refugees – баспанасыз босқындарға жәрдем беру мейірім миссиясы 2.миссия, өкілдік ¨the head of the British mission in Berlin – Берлиндегі Британия миссиясының жетекшісі 3. миссия (христиандықты тарату, уағыздау жұмысы) ¨a Catholic mission in Africa – Африкадағы католик миссиясы ¨Gandhi’s attitude to mission and conversion – Гандидің христиан дінін уағыздау мен осы дінді қабылдау мәселесіне қатысты көзқарасы 4.миссия (христиандықты уағыздаушылардың өкілдігі) 5. (өзі сезінген) борыш, парыз, міндет (syn: vocation) ¨Her mission in life was to work with the homeless. – Оның өмірдегі қолға алған ісі баспанасыздармен айналысу болды/ Баспанасыздарға қол ұшын беруді ол өзінің өмірдегі парызы санады. 6.әскери тапсырма, әскери миссия ¨The squadron flew on a reconnaissance mission. – Эскадрон барлау тапсырмасымен ұшты. 7.ғарышқа ұшу, ғарыш/космос миссиясы ¨a US space mission – АҚШ ғарыш миссиясы/ АҚШ ғарыш кемесінің сапары ¨mission control – (космостағы) сапарды бақылау 8. (BrE, informal) миссия, қиын тапсырма/ сапар ¨It's a mission to get there. – Міндетіміз – сол жерге жету. 9. (idm) *mission accomplished тапсырма/ миссия орындалды B.v (informal) кезу, аралау, шарлау, сапарлау ¨We had to mission round all the bars until we found him. – Оны тапқанша барлық бар(лар)ды шарлауымызға тура келді.