mistake [mɪˈsteɪk] A.n 1.қате ¨It's easy to make a mistake. – Қателесу – оңай. ¨This letter is addressed to someone else - there must be some mistake. – Хат басқа біреуге арналыпты – бұнда бір қате болуы мүмкін. ¨It would be a mistake to ignore his opinion. – Онымен санаспау қате болады. ¨Don't worry, we all make mistakes. – Уайымдама, бәріміз де қателесеміз. ¨You must try to learn from your mistakes. – Өз қателеріңнен үйренуге тырысуың керек. ¨Leaving school so young was the biggest mistake of my life. – Мектепті соншама жас шағымда тастауым өмірімдегі ең үлкен қате болды. ¨I made the mistake of giving him my address. – Оған адресімді бергенім қате болыпты. ¨It was a big mistake on my part to have trusted her. – Оған сенгенім қатем болыпты. ¨a great/serious/terrible mistake – ірі/ ауыр/ сұмдық қате ¨It’s a common mistake. – Жұрт өстіп көп қателеседі. 2. қате, жаңылыс, шатысу (syn: error) ¨It's a common mistake among learners of English. – Ағылшын тілін үйренетіндердің көбі осылай жаңыл(ыс)ады/ шатысады/ қателеседі. ¨The waiter made a mistake (in) adding up the bill. – Даяшы жаңылысып/ шатысып счетке қосып қойыпты. ¨Her essay is full of spelling mistakes. – Оның шығармасында қателер көп. 3. (idm) *and no mistake (old-fashioned, especially BrE) қате айтып тұрғаным жоқ ¨This is a strange business and no mistake. – Бұл бір қызық/ біртүрлі кәсіп, шынында да. *by mistake қателесіп, қателесе, жаңылыса, байқамай ¨I took your bag instead of mine by mistake. – Байқамай менікі екен деп сумкаңды алыппын *in mistake for smth басқа бірнәрсе деп ойлай/ қалып, қателесе, басқа бірнәрсемен шатастыра ¨Children may eat pills in mistake for sweets. – Балалардың тәтті/ кәмпит екен деп дәрілерді жеуі мүмкін. *make no mistake (about smth) есіңде болсын, біліп қой(ғын) ¨Make no mistake, this is the most serious threat our industry has ever seen. – Біліп қой, бұл біздің кәсіпорнымызға бұрын-соңды төнбеген ең ең ауыр қауіп. B.v (pt mistook [mɪˈstʊk], pp mistaken [mɪˈsteɪkən]) 1.қателесу, дұрыс ұқпау, тсс (syn: misconstrue) ¨~ smb/smth I admit that I mistook his intentions. – Оның не ойын дұрыс түсінбегенімді мойындаймын. ¨He had certainly changed, but nobody could mistake his voice. – Ол, әрине, өзгерген, алайда кім болсын оны дауысынан таниды. ¨There was no mistaking the bitterness in her voice. – Оның ашынғаны дауысынан білініп тұрды. ¨~ smb/smth as smb/smth I mistook her offer as a threat. – Оның ұсынысынан жөнсіз қорқыппын. ¨~ what… Sorry - I mistook what you said. – Ғафу ет – айтқаныңды дұрыс ұқпадым. 2. (phr v) *mistake smb/smth for smb/smth (syn: confuse) басқа біреумен/ бірнәрсемен шатастыру ¨I think you must be mistaking me for someone else. – Мені басқа біреумен шатастырып тұрсың(ыз) деп ойлаймын.