mixed [mɪkst] adj 1. аралас, түрлі(ше), әртүрлі, құбылған, құбылма, (сан)алуан ¨The weather has been very mixed recently. – Ауа-райы соңғы уақ(ыт)тарда құбылып жүр. ¨I still have mixed feelings about going to Brazil. – Бразилияға барар-бармасымды білмей (екіойлы болып) жүргенім(ші). ¨The play was given a mixed reception by the critics. – Пьесаға сыншылар түрліше қарады. ¨British athletes had mixed fortunes in yesterday's competition. – Кешегі жарыста британ атлеттері түрліше өнер көрсетті. 2.аралас, түрлі нәсілді/текті, саналуан/ алуан түрлі ортадан, мәдениеттен шыққан ¨a mixed community – аралас қауым ¨people of mixed race – түрлі нәсілден шыққан адамдар ¨a mixed marriage – аралас неке (түрлі нәсіл не мәдениет өкілдерінің үйленуі) 3. аралас, құрама, құрақ ¨a mixed salad – аралас салад 4. (әйелдер мен ерлер не қыздар мен балалар) аралас ¨a mixed school – аралас мектеп ¨I'd rather not talk about it in mixed company. – Бәрі отырған жерде бұны айтпағаным дұрыс(-ау).