mixture [ˈmɪkstʃə(r)] n 1.аралас, құрақ, құрама, қоспа, шылама ¨The city is a mixture of old and new buildings. – Қала көне және жаңа үйлерден құралған. ¨We listened to the news with a mixture of surprise and horror. – Жаңалықты таңырқай әрі шоши тыңдадық. ¨Anger is often caused by frustration or embarrassment, or a mixture of the two. – Ашуға көбінесе кею не ұялу, немесе екеуі де араласа себепкер болады. ¨cake mixture – торт ұнтағы ¨Add the eggs to the mixture and beat well. – Жұмыртқаны қоспаға қосып, жақсылап араластыр. 2. қосу, араластыру, шылау (әрекеті)