moan [məʊn] A.v 1. ыңырану, ыңырсу, ыңқылдау, ыңылдау (syn: groan) ¨The injured man was lying on the ground, moaning. – Жаралы адам жерде ыңырсып жатты. ¨~ in/with smth to moan in/with pain – шаншудан ыңырсу/ ыңырану ¨‘I might never see you again,’ she moaned. – «Енді ешқашан сені көре алмауым мүмкін», деді ол ыңырси. 2. ~ (at smb) (informal) (syn: grumble, whine) күңкілдеу, мырыңдау, ыңылдау, бұрқылдау, қыңқылдау ¨~ (on) (about smth) (to smb) What are you moaning on about now? – Енді неменеге бұрқылдап тұрсың? ¨~ (at smb) (about smth) They're always moaning and groaning about how much they have to do. – Олар жұмысымыз көп деп ылғи ыңылдайды да жүреді. ¨~ that… Bella moaned that her feet were cold. – Белла аяғым үсіп қалды деп қыңқылдады/ ыңылдады. 3. (literary) (әсіресе жел ж) уілдеу ¨The wind was moaning through the trees. – Жел ағаш арасынан уілдеп тұрды. B.n 1. ыңырану(шылық), ыңырсу, ыңқылдау, ыңылдау (syn: groan) ¨a low moan of despair/anguish – уайымдай/ торыға ыңылдау ¨He staggered about ten yards and fell down with a moan. – Ол он қадам тәлтіректеп барды да(ғы) ыңырана құлады. ¨a moan of pleasure/pain – рахаттана/ шаншудан ыңылдау 2. (informal) күңкілдеу, мырыңдау, ыңылдау, бұрқылдау, қыңқылдау ¨We had a good moan about work. – Жұмыс жайлы айтып біраз күңкілдеп алдық. ¨His letters are full of the usual moans and groans. – Оның хаттары әдеткі күңкіл мен ыңылға толы. 3. (literary) (әсіресе жел ж) уіл ¨She lay listening to the moan of the wind in the trees behind the house. – Ол үй артындағы ағаштар арқылы соққан желдің уілін тыңдап жатты.