mode [məʊd] n 1. әдіс, тәсіл, жол; түр, үлгі, жүйе, форма, режим, тәртіп ¨a mode of communication – коммуникация/ байланысу түрі ¨a mode of behaviour – мінез-құлық үлгісі ¨environment-friendly modes of transport – транспорттың экологиялық таза түрлері 2. режим, тәртіп ¨Switch the camera into the automatic mode. – Камераны автомат(ты) режимге ауыстыр. ¨You can also use this computer game in two-player mode. – Бұл компьютер ойынын екі ойыншыға арналған режимде пайдалануға болады. 3. күй, көңіл күйі ¨to be in holiday mode – демалыстағыша көңіл-күй 4. сән, үлгі, стиль ¨a pop video made by a director who really understands the mode – қазіргі кездегі жұрттың қалауын жақсы білетін директор жасаған поп-видео 5. (technical) (музыкада) күй, тон, мақам, қалып ¨major/minor mode – мажор/ минор тоны/ мақамы 6. (mathematics) (сандар тізбегіндегі) жиі ұшырасатын сан