moderate A.adj [ˈmɒdərət] 1.қалыпты, орта(ша), қанағаттанарлық, тәуір ¨students of moderate ability – қабілеті тәуір студенттер ¨Even moderate amounts of the drug can be fatal. – Есірткінің орташа мөлшерінің өзі өмірге қауіпті болуы мүмкін. ¨The team enjoyed only moderate success last season. – Команда өткен маусымда орта деңгейде өнер көрсетті. ¨Cook over a moderate heat. – Орта(ша) жалынға қуыр. 2.байсалды, байыпты, орнықты, пайымды, сабырлы, салиқалы, салмақты, тиянақты, ұстамды ¨moderate views/policies – байсалды көзқарас/ саясат ¨a moderate socialist – байсалды социалист 3.орынды, жөнді, қисынды (opp: immoderate) ¨a moderate drinker – орнымен ішетін адам ¨moderate wage demands – жалақыны жөнімен/ жөнді талап ету B.v [ˈmɒdəreɪt] 1. (formal) жұмсар(т)у, бәсеңде(т)у ¨By evening the wind had moderated slightly. – Кешке қарай жел сәл бәсеңдеді. ¨~ smth We agreed to moderate our original demands. – Біз бастапқы талабымызды жұмсартпақ болып келістік. ¨She apologized immediately and moderated her voice. – Ол бірден ғафу өтініп, дауысын жұмсартты. 2. ~ (smth) (BrE) емтиханның белгілі бір талаптарға сай бағаланғанын қадағалау 3. ~ (smth) модератор болу, талқылауды, пікіралмасуды жүргізу ¨The television debate was moderated by a law professor. – Теледебатты заң профессоры жүргізді. C.n [ˈmɒdərət] байсалды, байыпты адам